Мұнай мен газ кен орындарын игеру мен пайдалану
Автор: Жандос Адирахан • Декабрь 10, 2018 • Реферат • 2,358 Слов (10 Страниц) • 1,928 Просмотры
Жоспар:
1. «Мұнай мен газ кен орындарын игеру мен пайдалану» пәнінің мағынасы мен мазмұны.
2.Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері.
3. Мұнай мен газ кенорындарын игеру режимдері.
4.Газ бүркемесінің мұнай қорындағы газарынды режимі.
5. Мұнай ұңғымаларын игеру режимдеріне табиғи жағдайдың ықпалы.
6. Ұңғымаларды ашу және мұнайды ұңғымаға шақыру.
7. Ұңғымаларды ашу және газды ұңғымаға шақыру.
8. Қуысты ортада мұнай мен газдың сүзгілеуінің негізгі теңдеулері.
9. Мұнай және газ кен орындарын игерудің экологиялық проблемалары.
10.Пайдаланылған әдебиеттер.
1. «Мұнай мен газ кен орындарын игеру мен пайдалану» пәнінің мағынасы мен мазмұны.
Мұнай газ кен орындарын игеру мен пайдалану пәнінің негізгі мақсаты болып келешек инженер маманын мұнай мен газ кенорындарын игеру мен арнайы шешімдерді қабылдау мен мұнай мен газды өндірудің техникасы мен технологиясы дұрыс таңдау болып табылады.
Мұнайды ұңғыма арқылы өндіру мұнай кенорындарын игерудің тиімді жолы, ал мұнайды шахталы әдісі бойынша пайдалану көбіне аз мөлшерде және сирек түрі болып келеді. Табиғи газы бар кенорындар тек ұңғымалармен игеріледі. Ұңғымалар негізі болып вертикаль немесе көлбеулі тереңдікке қазылған және аз мөлшердегі диаметрімен жердің үстіңгі беткейлерін мұнай қорымен байланысты обьектілер мұнай мен газ өндірісінде кең тараған және қымбат обьектілер болып табылады. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану негізі өте қиын және жауапты процесс, өйткені ұңғыма іші қондырғыларының жұмысы мен әсіресе сұйықтардың қозғалысы (мұнай, газ және су немесе олардың қосындысы) ұңғымада біздің көзге көрінбейді, яғни оларды тікелей бақылаумен параметрлерін есептеу мүмкін еместігінен, қиын басқарушы жұмыстары болып табылады.
«Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану» пәнінде ұңғыма түбінен сағасына дейін сұйықтық көтерілу процесін, ұңғыма ішкі және саға жабдықтарын, ұңғыманы бұрғылаудан соң немесе жөндеуден кейін оны меңгеру, ұңғыманы зерттеу әдісі, өнімді қабатқа әсер ету мен ұңғыма шектік аудандарға, пайдаланудың әртүрлі мүмкіндігімен ұңғымаларды пайдалану мен жер асты жөндеу жұмыстарын оқытады.
2.Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері.
Жыныстың жарықшақтық қасиетінің деңгейі коллекторлардың белгілі бір түрі болып келеді. Бірақ жер қорларының үлкен бөлігі, жарықшақты коллекторларға тиісті, олар корбонатты жиналымдар көбіне жүзеді. Қуыс аралық кеңістігі бөлік көлемінің жиналуымен, яғни қабаттың жарықтарымен жарылуы мен жарықтардың көлемінен, микрокарсты кеңістікпен каверналардан құралған көбіне қуысты жарықшақты коллекторларды, оның екі түрлі актемасы арқылы бейнелейді – бөліктердің дәлдік қуысты кеңістікпен жарықтар жүйесі, яғни бірінің үстіне бірі жатқызылған арқылы. Сондықтан да коллекторлардың жынысты блоктарының (матрицалары) қасиеттіремен қоса, оның жарықты кеңестігінің қасиеті параметрлерінде негізге алады. Ол жарықтарға бос кеңістік, өткізгіштік, қоюлық тығыздығы және жарықтардың ашылуы жатады. Тау жынысының жарықшақтық деңгейі, оның көлемдік Т және беткейлік Р жарықтар тығыздығымен және шоғырлануымен Г анықталады. Жарықты кеңістік деп жыныстың жарық көлемінің жыныс көлеміне қатынасын айтады. Көбіне мұнай өндірісінің әдебиеттерінде жарықты кеңістікті – жарықты қуысталық деп атайды.
Жарықтардың параметрлерін, геофизикалық және гидродинамикалық қабаттық зерттеулер берген керн арқылы және де ұңғыманың қабатты ауданын ашық оқпанын фото түсіру әдісімен және жыныстың жарықшақты қабаттарының беткейлік шығысын зерттеу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей жарықты бостық 0,01 мәнінен аспайды, ал жарықтардың ашылуы 14-80мкм аралығында түзіледі. Мұнда жарықтардың өткізгіштігі бірнеше ондаған квадратты микрометрге жетеді. Блоктардың (матрицалардың) сызықтық өлшемдері бірлікті сантиметрден ондаған метрлерге дейін. Мұнда жарықтардың көлемдік тығыздығы 7260м2/м3 ал блоктардың сызықтық өлшемі 5см тең болуы керек. Мүмкін 1м3 жыныстың жарықтардың 60м2 құрайтын жарты оқпандық бетін құрау үшін, оны дұрыс үш жүйелі 20 жазықтық бойынша бөліп, кубтың бір бетінің өлшемі 5см құрауы қажет.
...