Ауыл шаруашылық алқаптарының бұзылу себептері
Автор: Dani02 • Апрель 16, 2024 • Статья • 1,243 Слов (5 Страниц) • 133 Просмотры
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІ
Мусаев Д., 1 курс магистранты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.
Аннотация: Қазақстан Республикасы алып жатқан жалпы аумағының ішінде аса қатты маңызға ауыл шаруашылық алқаптардың жерлері ие. Өйткені ол еліміздегі егістік және мал азықтық өндірістің негізін қамтамасыз етеді. Осы бір алқаптардың арқасында халқымыз ұлаң байтақ жеріміз табыс еткен байлықтарынан нәр татып, төрт түлік малдың етін, сүтін, жүнін және т.б. жемістерді өз қажеттіліктерімізге пайдаланып отырмыз. Бірақ та жер алқаптары белгілі бір табиғи ресурс болғандықтан, оның сарқылу секілді процестері болады, анықырақ айтқанда жердің деградациясы немесе бұзылу қатері. Соңғы жылдары баяулап келе жатқан деградация әсерлерінің себептерін уақытылы анықтап, олардың алдын алу жолдарын таппасақ, еліміз үшін аса қымбат жерлерден айырылу қаупі төніп тұр.
Кілт сөздер: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, құнарлылығы, ауыл шаруашылық алқаптар, егістік, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер, шабындық, жайылым, мал шаруашылығы, бұзылу, деградация, эрозия, мал азықтық алқаптар, жел эрозиясы, су эрозиясы, тапталу, процестер.
2022 жылғы 1 қарашадағы жер балансының деректері бойынша Қазақстан Республикасының жалпы аумағы 272,5 млн. га құрайды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ерекше құқықтық режимге ие және осы жерлерді алып қоюды шектеуге, олардың құнарлылығын сақтауға және арттыруға бағытталған мониторинг шаралары жүргізілуде. Өйткені жер қорының құрылымындағы осы санаттағы жер көлемі 115,9 млн.га немесе пайдаланылатын жердің 44,1% -ын құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында Республикамыз үшін ең маңыздысы және құндысы ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері болып табылады. Жер құрылымында ауыл шаруашылық алқаптар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 97,5%-ын құрайды, оның ішінде: егістік – 22,8 %, көпжылдық екпелер – 0,05 %, тыңайған жерлер – 1,6%, шабындықтар – 2,01 %, жайылымдар – 71,1 % [1].
Жалпы Қазақстан Республикасы ерте заманнан бері мал шаруашылығымен айналысып келетені бәріне мәлім десек те болады. Мал шаруашылығы қазақтардың тұрмысының негізі, көшпелі халық өмірінің маңызды жағы болды. Оның арқасында көшпенділер азық-түлікке (ет, сүт және сүт өнімдері), киімге (былғары, жүн), тұрғын үйге (киіз үйге, киізге және т.б.) қажеттіліктерін қанағаттандырды [2].
Жоғары көрсетілген деректерге сәйкес еліміздегі жайылымдық жерлердің көп болуына байланысты жайылымдық мал шаруашылығының дамуына ықпал етті. Нәтижесінде төрт түлік малдың (қой, жылқы, түйе, сиыр) санының артуы байқалуда. Соңғы 10 жылдағы көрсеткіштері бойынша жалпы мал саны 38%-ға дейін артқан болатын [3].
Бірақ та соңғы кездері Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының дамуымен қатар, ауыл шаруашылық алқаптар жерлерінің бұзылуы немесе оның деградациясы белең алуда.
Эрозия жердің деградациясының ең қауіпті түрлерінің бірі болып табылады, топырақтың бұзылуына және олардың құнарлылығын жоғалтуға әкеледі [4].
Еліміздің алып жатқан аумағының жартысынан көбі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болғандықтан, эрозия әсерінен біздерге маңызы зор ауыл шаруашылық алқаптарды жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. Бағана айтқандай еліміз көбіне мал шаруашылығымен айналасуға бейім болғандықтан, мал азықтық алқаптардың, яғни, шабындық пен жайылымдық жерлердің бұзылу қаупі алдыңғы орында.
Қазіргі таңда жердің сапалық сипаттамасының деректері бойынша Қазақстан Республикасында 90 млн. гектардан астам эрозияға ұшыраған және эрозияға ұшырауға қауіпті жерлер бар, оның ішінде іс жүзінде эрозияға ұшыраған жерлер – 29,3 млн. га.
Эрозия үш түрде кездеседі:
- Жел эрозиясы;
- Су эрозиясы;
- Жел және су эрозиясы аралас келген.
Статистикалық мәліметтер бойынша, жел эрозиясына ұшыраған жерлердің ауданы 24,2 млн. га немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының 11,3%-ы құрап отыр.
Жел эрозиясы негізінен құмды және автоморфты дефляция түрінде көрінеді, яғни, топырақ, сортаң және шаңды дауылдар. Топырақ дефляциясының дамуында табиғи факторлардан басқа (топырақтың икемділігі, жеңіл механикалық құрамы, белсенді жел қызметі және басқалары) антропогендік факторға маңызды рөл беріледі. Реттелмейтін мал жаю (шамадан тыс жүктеме), бұталы өсімдіктерді кесу, жолдан тыс көліктердің тұрақсыз қозғалысы құнарлылықтың жоғалуымен қатар, топырақтың деградациясын тудыратын, қарашіріктің құрылымдық құрамын, көлемдік массасын және құрамын өзгертетін дефляциялық процестердің күшеюіне ықпал етеді.
...