Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2022  •  Лекция  •  2,679 Слов (11 Страниц)  •  221 Просмотры

Страница 1 из 11

ХV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы § 1. Қоғам ұғымы

Болмыс санаттарын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде – адамдар – бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп, қоғамды құрайды.

Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын санаттар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» санаттарын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, қазақ елі – Азия құрлығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «қоғам» санатына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол мемлекет болса, су астындағысы – қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.

Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени- рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады?

Белгілі нақтылы-тарихи қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай оты- рып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көкөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан Бразилия емес, сондықтан тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса бол- майды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио- теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі

үлкен астық өсіретін ел болғандықтан, ауыл шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті қоғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында «ұлттық қауіпсіздік» санаты арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз өмірге керек көптеген тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.

Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?

Сонау көне заманнан бері жалғасып келе жатқан үдеріс – қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы – ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат- мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Ендеше, қоғам өмірін анықтайтын – билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көз- қарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.

...

Скачать:   txt (38.3 Kb)   pdf (107.9 Kb)   docx (19.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club