Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл
Автор: sevara1234 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 649 Слов (3 Страниц) • 999 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Реферат
Тақырып: Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл
Дайындаған: Шарифова Севара
Тобы: 1703-20
Қабылдаған: Арынғазиева Баян
Шымкент 2021
Тақырыбы: Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл
Жоспар:
1. Фәлсафа дәстүріндегі жан, ақыл, парасат, рух ұғымдары.
2. Философидағы сана мәселесі. Бейсаналықтың философиядағы негізгі
концепциялары
3. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім.
4. Ойлау және тіл.
1. Жан, ақыл, парасат, рух мәселесі философиялық танымның негізгі мәселелері.
Антикалық философиясында рух пен парасаттың космологизмімен ерекшеленеді. Жан,
ақыл, парасат, рух мәселесі Пифагор философияында адамның антропологилық
құрылымымен байланыстырыла түіндіріліп, рух – жоғарғы ақыл, ақыл (төменгі), өмір –
тныс алу және дене деп қарастырылса, Платон боынша рух- ноус, ақылды жан, ақылды емес жан және дене бөлген.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух –
құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі.
Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән
идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды.
Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады.
Ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Адам өз түсіктері арқылы сыртқы дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы арнаулы ми бөліміне жеткізеді, осы сәттен сараптау басталады. Ол өте күрделі биоэлектрлік «кванттық өрістер» негізінде жүреді.
2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну сана фактілерін, сана феномендерін, сананың қалыптасуын қарастыруды қамтиды. Сана тек адамда болғандықтан,сана мәселесін қарастыруда антропосоциогенез адамның пайа болуы мен дамуының сатыларын талдау маңызды.
Антропогенездің негізгі концепциялары.
— Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс
эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)
— Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен
адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч.
Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)
— Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық
эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)
...