Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әбу Насыр әл-Фараби. Фусус әл-Хикам (Даналық маржандары)

Автор:   •  Февраль 4, 2022  •  Эссе  •  634 Слов (3 Страниц)  •  431 Просмотры

Страница 1 из 3

Әбу Насыр әл-Фараби. Фусус әл-Хикам (Даналық маржандары)

Эссе

Ғұлама әл-Фарабидің «Фусус әл-Хикам» атты трактаты 23 беттен тұрады. Бұл еңбегін қазақша аударған авторлар трактатты жойылып кеткен деп жорамалдаған екен. Кейінірек, бұл трактаттын түп нұсқасына қол жеткізіп, оны қазақшаға аударған. Соған байлынысты, атауында қазақша «Даналық маржандары» деп қойған. Бұл атау бекерден туындамаған, себебі, трактат атауындағы «Фусус» сөзі сақинаға тағылатын «асыл тастың түрі» мағынасын береді деседі. Ал «Хикам» сөзі қазақ тілінде «даналық, хикмет» мағыналарын білдіреді екен. Әбу Насыр әл-Фараби бұл трактатта болмыс, әлем, өмір, адамның жаратылысы мен мәні, бақыт, метафизика аспан әлемі, арғы дүние, мәңгілік сияқты т.б. дүниелер қамтыған.

Трактаттағы басты мәселе ретінде – болмыс теориясын зерделейді және осы теория арқылы заттар әлемін, адам табиғатын, оның жанын түсіндіреді. Жаратылыс сыртқы болмыс та, ақыл-ой да емес екенін білгініміз жөн, өйткені олардың әрқайсысы тіршілік түрі болып табылады. Болмыстың өзі конвенцияларға бағынбайды және абсолютті де, шектеулермен де шектелмейді. Бұл әмбебап та, жеке де, қауымдастық бойынша да жіктелмеген. Болмыс біртұтас, бірақ оның мәніне енгізілген бірлікпен емес және көпше де емес, өйткені олардың әрқайсысы "Жоғары атақтар, тақтың иесі"өлеңінде көрсетілген тиісті дәрежелері мен мәртебелеріне сәйкес жүреді. Демек, болмыс өзінің мәні мен болмысында ешбір өзгерісті басынан өткермей, абсолютті, шектеулі, әмбебап, жеке, жалпы, ерекше, біртұтас немесе көптікке айналады. Болмыс, ойшылдың оны өз ұғымдарынан бөлек, ұтымды немесе басқа жолмен ұсына алмауынсыз оның мәнін білуіне байланысты, адасушылықпен отырғызылған психикалық құрылым емес. Болмыс – көптігі жоқ біртұтас шындық. Оның көріністері мен формаларының көптігі оның Мәнінің бірлігін бұзбайды. Оның көрінісі және ерекшеленуі оның Мәніне қосымша қосылған сәйкестендіру арқылы жүзеге аспайды. Болмыс субстанция да, кездейсоқтық та емес. Шартты нәрсенің бәрі не субстанция, не кездейсоқ. Демек, Болмыс шартты емес, қажеттілік деп анықталған. Оның үстіне Болмыстың өзінен-өзі үстемеленген ақиқаты жоқ.

Кемел Адамның дәрежесі әмбебап

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (42.6 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club