Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан әскерлерінің шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуы

Автор:   •  Октябрь 15, 2019  •  Реферат  •  1,292 Слов (6 Страниц)  •  752 Просмотры

Страница 1 из 6

Проблемалық мақала

Тақырыбы: Қазақстан әскерлерінің шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуы

Қарастырылатын мәселелер:

- Қазақстан әскерлерінің бүгінгі жағдайы;

- Халықаралық құқықтардағы қазақ әскерлерінің орны.

    «1992 жылғы 7 мамырда менің жарлығыммен тарихымызда алғаш рет біздің еліміздің қарулы күштері құрылды... Осы қысқа тарихи кезеңде біз өз армиямызды құрдық, әскери бөлімдерден бастап, олардың жұмысына шешім қабылдадық, жаңа доктринаны бекіттік, біздің әскерлерімізді жабдықтадық. Бүгінде олар тәуелсіз мемлекеттің құрметті құрамдас бөлігі және біздің уақыттағы дайындалған және жабдықталған әскерлердің бірі болды »

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

     Табиғаттың адамзатпен байланыс орнатқан кезеңінен бастап әлемде бір-бірімен татулық орнату ұғымы қалыптаса бастады. Ақ пен қара қатар жүретін қоғамда татулықпен қатар соғысу, жауласу ұғымы да кең қанат жая бастады. Тас дәуірінен бастап тобыр болып бірігіп, әлі жеткен әлсізді жеңетін немесе қарсыласса соғысатын заман қанша ғасыр өтсе де жалғасын тауып келе жатыр.

    Сан ғасырлық тарихы бар қазақ елі айбатты да қайсар батырларымен мақтанатын халық. Осы кезге дейін еліміз көптеген қиыншылықтардан білектің күшімен , найзаның ұшымен өтуде.Қазақ хандығының тұсынан бастап қазақ әскерлері бірауыздан бірігіп, жаугершілік заман осы кезге дейін еліміздің тұғырын сақтап, тәуелсіз мемлекет болуға бар күш жігерлерін салды.

   Жиырмасыншы ғасырдың аяғынан басталған тәуелсіздіктің арайлап атқан таңына биыл жиырма сегіз жыл. Жиырма сегіз жылда біздің мемлекет шет елдік көршілермен тығыз қарым қатынаста болып, әскери байланыстар жасап отырды. Қазақстандық әскерлер ұзақ құрылымды қажет етпеген, Кеңес Одағының әскери күшінің тәртібімен қалыптасқан, сол тәртіпті жалғастырушы фактор болуда. Тоқсан екінші жылдан басталған Қазақстанның  Қорғаныс Министрлігіндегі әскери құрылым КСРО кезеңіндегі Түркістан әскери округының жанынан құрылған әскердің жалғасы болып табылды. Қазақстандық әскерлер жаңа құрылған, тәуелсіз ел болғандықтан КСРО негізіндегі ұстанымды қабылдап, жұмыстар жүргізіле бастады. Негізінде, әскери қауіпсіздік жүйесінің мақсаттары мен міндеттері сәйкес келмейтін бұл жүйе кейбір объективті үрдістерді есепке алмағанда , жиырма жылдан кейінгі елге керек қарулы күштерді құруды жоспарлай бастады. Әскери –саяси басшылықтың алғашқы міндеттерінің бірі қарулы күштерді оңтайландыру болды. Реформаның он жылының нәтижесінде қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінің саны жүз жетпістен жетпіске қысқарды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің дамуы ретіндегі бір бағыты–ядролық қарудан бас тарту. Сонымен қатар біздің еліміз Ресей Федерациясынан кейін 1994 жылы Украина және Белоруссияға, Құрама Штаттар мен Біріккен корольдік қауіпсіздік кепілдігіне қол қойды. Сол келісімдердің негізінде барлық ракеталар, бомбалар мен әскери жабдықтар ресейге беріліп, қайтарымына ресейлік әскерлерді қазақстанға көшіруді іске асырды. Ядролық қарумен қатар еліміз 2007 жылғы 7 мамырда батерологиялық және токсинді қаруды әзірлеуге, өндіруге және жинауға, оларды жоюға тыйым салу туралы конвенцияны ратификациялады. Бұл өзгерістермен қатар қару жарақтарды жаңарту туралы шешім қабылдады.

      Бір ғасырдың үштен бір бөлігін өткерген Қазақстандық әскери жүйе жаңадан құрылып жатса да көптеген жұмыстарды атқарды. Қоғамның, тіпті бүкіл әлемнің мәселесіне айналған Ауғанстан, Ирак және Сириядағы жағдайлар азия халқы үшін көптеген қиындықтар тудырды. Сол мақсатта біздің әскерлер әлемдік әскерлермен бірігіп жұмыстар атқара бастады. Террористік ұрыс-қимылдарға қатысқан бірқатар Қазақстандық азамат туралы деректер шыға бастағаннан еліміз шұғыл әрекеттерге көше бастады. Осы фактілерге байланысты құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қылмыстық істерді қозғап, олардың жекелегендері бойынша соттық үкімдер шығарылып, басқа мемлекеттерге біздің әскерлер жіберіле бастады. Қазіргі уақытта да біздің азаматтарымыздың шиеленіс аймақтарына, соның ішінде азғырып көндірумен және ұрыс қимылдары аймағана тілек білдіргендерді жөнелтумен айналысатын тұлғалардың көмегімен шығу талпыныстарына тосқауылдар қойылып, әскерлеріміз барынша қатаң тәртіпті ұстануда.

...

Скачать:   txt (19.7 Kb)   pdf (133 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club