Ғылым классификациясы: Аристотель, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Г. Гегель, О. Конт
Автор: Isaevaf03 • Сентябрь 8, 2021 • Доклад • 501 Слов (3 Страниц) • 4,733 Просмотры
Ғылым классификациясы: Аристотель, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Г. Гегель, О. Конт.
Аристотель ("Aristotle") (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз[1], Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.
Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.
Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.
Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.
Философияны Бэкон:
1.
Құдай;
табиғат;
адам
...