Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияны оқу адамға не береді?

Автор:   •  Февраль 9, 2021  •  Эссе  •  636 Слов (3 Страниц)  •  2,057 Просмотры

Страница 1 из 3

                  Сражова Ақтоты Ерсұлтанқызы

НФ-239

«Философияны оқу адамға не береді?»

             Қазіргі таңда мен Философияның адамға деген пайдасын, оны оқу барысында мен өзіме не аламын және ортама не бере аламын деген ой келеді.

Менің ойымша “Философия деген не?” – деген сұраққа жауап беру қиындық тудыратын секілді, өйткені философия өте жан-жақты  сала болып табылады.Яғни, қанша сала болса бізде сонша философия бар. Мысалы, тарих философиясы, политика философиясы, қоғам философиясы, табиғат философиясы, т.б. 

              Әр ғылымның өз философиялық сұрақтары бар және ол сұрақтарға жауаптардың болмауы қалыпты жағдай секілді. Бізге сұрақтың жауабы емес, сол жауапты табуға деген ізденіс, еңбек маңызды. Адам еңбектене отырып дамиды,өседі,өнеді. “Еңбектің наны тәтті” демекші әр заттың қадір-қасиетін түсінеді, адами тұрғыдан адамды адамға айналдырады.

           Философия сөзі даналыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді. Ол жалпы сонау бірнеше мың жыл бұрын Үндістанда, Қытайда және Грекияда бір уақытта пайда болған болатын.  Басқа ғылымдарды біз күндік өмірімізді және болашағымызды көруге оқысақ, ал философияның басқа ғылымдардан ерекшелігі ол жан дүниемізге азық ретінде және оны түсінуге, адам мен адам арасындағы байланыс орналастыруға, бұл өмірде өз орныңды табуға, өмірге келген мақсатың мен өмір мәнін түсінуге жол ашады.

           “Философияны оқу бізге не береді?” – деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Қазіргі таңда әрбір адам жан-жақты болғысы келеді, әсіресе жастар.
Ең біріншіден адам дамуы үшін, болашағы жарқын болуы үшін оның ой-өрісі басқаларға ұқсамауы керек.Философия – сол ой-өрісті дамытуға, әр нәрсені тереңдетіп ойлауға ,адами құндылықтарды жан-жақты дамытуға көмектеседі. Бірақ, қандайда жағдай болмасын философия адамға адам болып өмір сүруді үйретеді.Әр адамның тағдыры әр түрлі, бірақ адам басына қандай жағдай түсседе оны ақылмен шешуге адам болғандықтан тырысу керек.Әр нәрсені тереңдетіп ойлау және оны ақылмен шешу адамның көкірегі ояу, болашаққа деген үміті зор екендігін байқауға болады.Философия адамның  бар болмысын шығу тегі  мен табиғаттағы орны, мәні, өмірдегі рөлі барша адамға қатысты мәселелердің бәрін қарастырып сол мәселелерді шешуді үйретеді. Рух пен санасыз материя мен табиғат  бұлардың сыртында өмір сүре алмайды. Айтатын болсақ адам мәселесінсіз философия жоқ. Біз барда философия ешқашан өшпейді  біз барда ол да бар , біздің үйренеріміз көп,  этика эстетикадан бастап логика мен ғылымның жаңа ашуларын бағындырамыз.  Ең бастысы Мен кіммін? Мен не біле аламын? Мен не жасай аламын?  Мен неге үміт арта аламын? деген сұрақтарға жауап таба аламыз. И.Канттың өз сөзінде: Философияның негізгі міндеті – адамға адам болып қалу! – деген болатын.Философия ғылымын оқу барысында осы сөз әрдайым жадымызда тұру керек деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (56.1 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club