Рухани құндылықтардың ұлттық негіздері
Автор: Assettt • Декабрь 7, 2023 • Реферат • 5,698 Слов (23 Страниц) • 100 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
I Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
1.1 Рухани құндылықтар жүйесінің философиялық ілім ретінде қалыптасуы
1.2 Жеке тұлғаның қалыптасуындағы рухани дүниенің орны
II Рухани құндылықтардың ұлттық негіздері
2.1 Қазақтың дәстүрлі рухани құндылықтарының өлшемдері
2.2 Халықтың мәдени жүйесіндегі ұлттық және діни құндылықтардың сабақтастығы
2.3 Ұлтық мәдениетіміздегі құндылықтарға бағдарланудың бүгінгі таңдағы маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен ұлттық ой-санасының өркендеуінде рухани құндылықтар ілімінің өзіндік орны бар. Өз кезегінде ұлттың рухани бағдары, негізгі өмірлік позициялары, дүниетанымы да осы құндылықтарға байланысты қалыптасты. Дәстүрлі танымдағы құндылықтар әлемі – адамның рухани әрекеті, рухани байлығы, оның адамгершілік санасының сипатын білдірді. Бұл қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, рұқсаттылық пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға негіз болды.
Қазіргі қазақ қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер мен жаңғырулардың үдерісі бұл мәселенің маңыздылығын арттыра түсуде. Осы орайда, рухани құндылықтардың ұлттық негіздерін жаңа қоғамдық қатынастар талабына бейімдеу, оны рухани өмірдің өзегіне айналдыру тек философиялық, дүниетанымдық мәселе ғана емес, сонымен қатар саяси мәселе. Түрлі жалған ұстанымдарды лаңкестік әрекеттермен ұштастырып, рухани құндылықтарды өз қажеттілігінде таныта білмеу қоғамда теріс көзқарас туындатуда. Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады. Ал, адамзат санасын дендеп келе жатқан рухани бостық жалған дүние кеңістігіндегі зұлымдық, менмендік әрекетінен туындайды. Сондықтан демократиялық қоғамның талаптары рухани құндылықтардың ұлттық негіздері мен ерекшеліктерін мәдени-философиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі таңда рухани құндылықтардың мәнін, маңызы мен ұлттық ерекшеліктерін анықтау ұлттық сана-сезіміміздің бағдар бағыттылығын қалпына келтіруге ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан үшін рухани құндылықтар туралы ілім (аксиология) дәстүрлі дүниетаным мен жаңа жағдайға бейімделу кезінде туындайтын құндылықтардың ақиқаты мен жалғанын ажыратудың, ұлттық болмысымызды танудың негізіне айналып отыр.
Елбасымыз Н:Ә: Назарбаев «Біздің суверенді және тәуелсіз Отанымызда өзіндік құндылықтарымыз бар және оларды сақтап, қорғай білуіміз керек. Бірде бір қоғам және бірде бір мемлекет патриотизм, бейбітшілік пен келісім, әлеуметтік серіктестікпен үйлесімділік, құқықтық тәрбие идеяларын жүргізбестен аяғынан тік басып тұра алмайды»,(1) - деген болатын. Шынында да отаншылдық, өзара түсіністік, бауырмалдық, батырлық, парасаттылық, ой еркіндігі, қайырымдылық, ар-ождан, әділеттілік пен бостандық сияқты құндылықтарсыз қоғамның жеке мүшелері адамдарды да елестету мүмкін емес. Бұлар адамның рухани күшінің қайнар көзі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ынталандырушы шарт. Бұл орайда Ә.Нысанбаевтің мына сөзін келтіре кету ойымызды нақтылай түседі: «Адам бойындағы рухани даму мүмкіндігін көрсететін тағы бір жайт – оның айқын өмірлік позициясының болуы. Егер ол тек ғана баюға ұмтылатын, бірақ еліне өз отандастарына қол ұшын беруді, көмектесуді ойламайтын, имандылық пен адамгершіліктен аулақ тұрған болса, қанша кітап оқыса да, бәрібір, ондай адамның руханилығы туралы сөз болуы да мүмкін емес» (2). Алайда тарих процесс арқылы жалғасып келе жатқан құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа табыстау дәстүрі кеңестік идеология тұсында жолдан шығып қалды. Тоталитарлық жүйенің құндылықтарын зорлықпен санаға сіңіру, адамдардың іс-әрекетімен дүниетанымының өзегіне айналдыру жаппай етек алды. Бәрін бір идеологияға бағындыру нәтижесінде ұлттар дәстүрлі өмір сүру тәсілінен айырылды. Адамның рухани дүниесінен гөрі материалдық бастамалар, қажеттіліктер алғашқы орынға қойылды. Бір ғасыр ішінде жүріп өткен саяси-әлеуметтік өзгерістер, қоғамның экономикалық негіздерінің ауысуы, қолдан жасалған аштық, саяси қуғын-сүргін, халықты жаппай жайлаған үрей, шовинистік саясаттың нәтижесінде жазу үлгілерінің өзгеруі, ұлт тілінің қолданылу аясының тарылуы ұлттық құндылықтардың, яғни халық шығармашылығы – фольклор, мақал-мәтел, эпос жырларымыздың қоғам сұраныстарынан аластатылуы, ислам дінінің теріске шығарылып, атейстік көзқарастың басты ұстанымға айналуы және тағыда басқа өзгерістер ұлт санасындағы рухани құндылықтарға кері әсерін тигізбей қалмады. Рухани құндылықтарды бағалай білуге әлемді, адамдарды, табиғатты сүю ғана үйрететіндігі естен шықты. Алайда еріксіз істелінген нәрсенің адамнан бәрібір де еріксіз қалатыны, бағаланбайтыны негізделді. Бұл туралы С.Нұрмұратов: «Ақиқатты түсінуге, игеруге болмайды, оны тек таза жүрекпен қабылдау керек, адам сол әлемге ақ ниетпен ұмтылуы қажет» (3), деп жазады. Рухани құндылықтар адамдар жүрегінде емес, әдебиет беттерінде сақталып қалды.
...