Конфуциандық және даостық дүниетанымдардың айырмашылығы
Автор: Lampard8 • Февраль 19, 2019 • Реферат • 3,959 Слов (16 Страниц) • 1,360 Просмотры
Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Басқару жүйелері және Ақпараттық технологиялар институты
«Рухани және дене тәрбиесі» кафедрасы
№1 семестрлік жұмыс
Пәні: Философия
Тақырып: “Конфуциандық және даостық дүниетанымдардың айырмашылығы”
Орындаған: Әбіл А.Н Мамандығы: 5В017900-РЭТ
Топ: РЭТк-17 -3 нұсқа: 21
Тексерген: Мұхамеджан Қ.Ш.
« » 2019ж.[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]
бағасы қолы күні
Алматы 2019
Мазмұны
I Кіріспе………………………………………………………..……......….……...3
II Негізгі бөлім...... ………………………………………..…………....…...…4-14
а) Конфуциандық ілімнің негізгі философиялық көзқарастары ..................4-6
ә) Даостық ілімнің саяси философиялық дүниетанымдары..........................7-10
б) Конфунцианизм мен даосизмнің ортақ философиялық ұстанымдары мен көзқарастары ....................................................................................................10-13
III Қорытынды.....……………………………………………………….........….14
IV Қолданылған әдебиеттер ………………………...................…………….…15
Кіріспе
Мақсатым: Конфуциандық және даостық дүниетанымдардың айырмашылығы мен ара-жігін ашып көрсету. Осы тақырыпты ашу мақсатында Конфуциандық ілім мен даостық ілімнің ерекшеліктеріне, сипаттамаларына жеке-жеке тоқталдым.
«Қытай даос болып туады, конфуциан болып өмір сүреді, буддист болып өледі». Бұл нақыл сөз ежелгі Қытай философиясындағы сол кездегі діни ілімдер мен мектептердің адамдар өміріндегі маңызының қаншалықты екенін көрсетеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
Бұл философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін «аратылмаған, адам - қарапайым "микрокосм", табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған керінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш емір сүру, езінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3
Негізгі бөлім
Конфуциандық ілімнің негізгі философиялық көзқарастары
Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
...