Контрольная работа по "Философии"
Автор: aiida-ashir • Октябрь 4, 2022 • Контрольная работа • 352 Слов (2 Страниц) • 187 Просмотры
№ | Автор | Кезеңі | Еңбек атауы | Негізгі идеясы |
1 | Әл-Фараби | 870 – 950 ж. ш. | "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" | Фарабидің пайымдауы бойынша оқу — философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие — ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ұстаздың негізгі мақсаты – өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-кұлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. |
2. | Жүсіп Баласағұн | 1020 | Құтадғу білік | Жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қарастырған. Ізгілікке шақырған. |
3. | Махмұт Қашғари | 1029-1101 | «Диуана лұғат ат-түрк» | «Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар». |
4. | Ахмед Иүгінеки | 12 ғ. Соңы- 13ғ. басы | Ақиқат сыйы | Шығармасында Ахмед білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ойларын ашып көрсетіп, оған біршама тоқталған. Атам қазақ «білім – таусылмас қазына» деп бекер айтпаса керек. Ахмед білімге, білім алуға асығу қажеттілігі туралы ой қозғайды. Ғұлама білім бақытқа апаратын жол дейді. |
5. | Қожа Ахмет Ясауи | 1093-1116жж | «Диуани Хикмет» | Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. |
6. | Сүлеймен Бақырғани | 1091-1186жж. | "Бақырғани кітабы" | Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. |
7. | Абай Құнанбаев | 1845-1904жж. | Қара сөздері | Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс |
8. | Әлихан Бөкейханов | 1917-1920жж. | Ашық хат | «Ұлтына, жұртына қызмет қылу біліммен емес, мінезден. Адам баласын өзіндей жақсы көр, сүй деген сөз айтылғалы екі мың жыл болған, онан бері білім отарба, телеграмма, телефон шығарды, жақсы мінезге тоқталған адам аз, білім біліммен, мінез мінезбен» [4,365] — дейді. Адам қанша білімді болса да оның тәрбиелі болуы мүмкін емес екендігін айтқан. |
9. | Шәкәрім Құдайбердіұлы | 1858-1931жж. | Қазақ айнасы» | |
...