Контрольная работа по "Философии"
Автор: mereilimbeise • Апрель 25, 2021 • Контрольная работа • 437 Слов (2 Страниц) • 295 Просмотры
Тапсырма 2.: қазақ халқының өмірлік тәжірибесіне негізделген жалпыға ортақ құндылықтардың тәрбиелік мәнін ұлттық сананың қалыптасуы, көрніс табуы ретінде талдама жасау. Оқытушы өз ыңғайына қарай қазақтың ұлттық санасын айқындайтын бітімдік ұғымдар қатарын көбейтуге, алмастыруға болады. Мысалы, ұят болады, жаман болады, обал болады, қонақжайлық, ырымшылдық, сарқыт, несібе, кіндік шеше т.б.
Ұлттық сананы айқындаушы жалпыға ортақ тұғым | Өмірдегі қандай жағдайларда қолданылады | Дәйектеме, яғни, мақал-мәтел, ұлағатты сөз, шығарма, салт-дәстүр т.б. | Жеке пікір |
«Ұят болады» | Бір күнделікті ыңғайсыз жағдайлар туындаған кезде, көбінесе жастар тарапына айтылатын ұғым деп білемін | Асыққан қалар ұятқа, Қазаннан қақпақ кетсе, Ұят кімде болса, иман сонда. | Менің ойымша бұл ұғымды қолданатын жерлер болады және қолданбайтын уақыттары да болады. Сондықтан әр нарседе бұл сөзді қолдана берудің қажеті жоқ, тек орнымен қолдану керек. |
«Қонақжайлық» | Қазақ халқында әу бастан келе жатқан ұғымдардың бірі. Яғни, бұл қазақ халқының қанында бар дүние. Ата- бабаларымыздың кезінде кез-келген бір адамды (танымайтын болсын) үйінде алдына барын қойып, қонақ қылып күткен. | Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ. Қонақасы қазақтың бөлінбеген еншісі. | «Қонақжайлылық» ұғымы жаңа айтып өткендей қанымызда бар нәрсе. «Қонақ келсе, құт келер» деп бекер айтылмаған. Сондықтан бұл дүние ешқашан біздің бойымыздан кетпесе екен деген ойдамын. |
Тапсырма 3.: қазақ халқының астарлап, тұспалдап сөйлеуді ұнататынын өзіміздің халық ауыз әдебиетінен, өзіміздің сөп саптауымыздан білеміз. Астарлап сөйлеу аналитикалық ойлау жүйесінің белгісі. Бұл да біздің ұлттық ойлау жүйеміздің, қазақы санамыздың қалыбы. Осындай сөздердің мағыналарын, жұмбақ ойын ұғынуға тырысу мақсатында берілген сөздерге жеке талдау, сосын салыстырмалы талдау жасау қажет. Осы формада бір мақалдың бірнеше елде, бірнеше тілде кездесуін қарастырса да болады. Үлгіге қараңыз!
...