Досай Кенжетайдың еңбегіне талдама жұмыс
Автор: Beksh_2005 • Апрель 21, 2024 • Эссе • 512 Слов (3 Страниц) • 87 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
«Философия және саясаттану» факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: Досай Кенжетайдың еңбегіне талдама жұмыс
Орындаған:Бақытов Д. Ә.
Тексерген:Құранбек Ә. А.
Алматы 2024 ж
Кіріспе
Хаққа жету жолын, ар ілімін уағыздап өткен Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен мұрасын керемет зерттегендердің бірі ол біздің Досай Кенжетай ағамыз. Ясауидің еңбектерін жүректінің жүректісі , білімдінің білімдісі ғана бойлап көз жүгірте алады. Мен бүгін осындай өмірі сан қилы оқиғаға толған Қожа Ахметті зерттеген Досай Кенжетай ағамыздың зерттеу жұмысына талдама жұмыс жасаймын.
Жоспар
- Кіріспе
- Ясауи ілімі
- Ясауи дүниетанымы
- Ясауидің « Кемел адамы»
- Хикмет түсінігі
- Қорытынды
Ясауидің ілімі адамзатқа ортақ игі құндылықтарды Қожа Ахмет паш етеді, жан тазалығына жетуге шақырады. Бұл жаратушыны мойындаған жанға оңай, ал түсінбеген адамға өте ауыр жол дейді.Осындай аты аңызға айналған Әулие бабаның қазақ топырағында туып, елге қызмет қылғаны-Алланың бізге берген үлкен сыйы деп түсінейік . Соның арқасында ата-бабаларымыз Ясауидің ілімімеен мол сусындады, мейлінше соған сәйкес өмір сүруге ұмтылды . Қазақ елінің дүниетанымының өте кең, пайымының терең болуы Ясауи ілімімен толықтай байланысты.
Ясауидің хәл ілімінің мәнін ашу үшін алдымен оның дүниетанымындағы хикмет,жаратылыс,әлем, ғашықтық,рух туралы түсініктердің орнын анықтап алуымыз қажет бұған қоса, қандай да бір дүниетаным немесе ойлау жүйесінің талдануы мен жорамалдануы жөніндегі ең маңызды мәселеге тоқталғанымызс жөн. Ясауидің тұлғасы, ілімі мен сопылық дүниетанымы өз уақытымен түсіну үшін , ең алдымен оның ойлау жүйесі мен сопылық дүниетанымын қалыптастырған тарихи кеңістік әлемімен үндесе алуымыз қажет. Мұның талдама жұмыстың этика тұрғысынан ғана емес, шындығына келгенде, іс жүзінде өте қиын екенін айтуымыз қажет . Өйткені қолымызда әлі де болсада Ясауиді өмірге әкелген, оны тарихи тұлға ретінде сомдаған әлемнің діни, дүниетанымдық және философиялық деректер өте аз. Ал аңыз-әңгіме түіндегі деректер жеткілікті болғанымен, Ясауи мәдениетінің кеңістігі туралы қанағаттанарлық деректерге қол жеткізе алған жоқпыз.
...