Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антика философиясы қорытынды

Автор:   •  Ноябрь 13, 2021  •  Реферат  •  1,920 Слов (8 Страниц)  •  488 Просмотры

Страница 1 из 8

Антика философиясы қорытынды

Философия мен оның тарихының арасындағы байланыс өте тытыз. Тарихи міндеттің өзі философия тарихшыларын зерттеу субъектілерінің пікірін қайта өңдеп, өткен дәуір ойшылдарының тұжырымына түрткі болған себептерді усы- нута, олардың талқылаусыз қалған көзқарастары туралы ойлануға және олар шығарған қорытындының дәлелділігін бағалауға мәж- бүрлейді. Алайда философиялық тұжырымдарға себептер ұсыну, философиялық дәлелдердегі жасырын пайымдаулар мен фило- софиялық ой қорытындыларын логикалық бағалау - толыққанды философиялық қызмет саналады. Сондықтан философияның кез келген байыпты тарихы философияда да, тарихта да өз бетінше ілім болуы керек. Тарих пен философияны бірегей философиялық ағартушылыққа деген ізденісі өзара етене байланыстырады. Бұл жағдай XIX ғасырдағы ұлы неміс философы Готтлоб Фрегенің «Арифметика негіздері» атты еңбегінде тамаша көрсетілген болатын. Фреге кітабының жартысына жуығы басқа философтар мен математиктердің көзқарастарын тал- қылауға және оларды теріске шығаруға арналған. Ол басқалардың пі- кірін талқылай отырып, өзінің кейбір ойларының асқан шеберлікпен жеткізілгеніне кепілдік береді, бұл оның өз теориясын көпшілікке ұғы- нықты ете түседі. Алайда оның ұзаққа созылған пікірталасының басты мақсаты - өзі кейін шешімін тауып беретін проблемалардың салмақ- тылығына оқырмандарды сендіру. Бұл сөзбасы (преамбула) болмаса, бізде бір нәрсені зерттеуге бағытталған бастапқы алғышарт та, яғни өзіміздің білместігімізді түйсіну де болмайды.

Мидет мектебі. Әдетте грекиялық философияның негізін қалаушы саналатын ми- леттік Фалестің (б.д.д. 625-545) тек екі пікірі жазылған. Олар ғылым мен діннің байланысын көрсетеді, біреуі - «Барлық жерде құдай бар» десе, екіншісі - «Су - бәрінің негізі» дегенге саяды. Фалес геометр еді, ол тікбұрышты үшбұрышты шеңберге енгізудің тәсілін алғаш анықта- ды; ол құдайлардың қүрметіне бір бұқаны құрбандыққа шалып, осы жаңалығын тойлады (D.L. 1.24-5). Сондай-ақ ол өз көлеңкесі бойымен бірдей болатын уақытта пирамидалардың биіктігін олардың көлеңкесі арқылы есептеп шығарды. Ол өз геометриясын іс жүзінде қолданды: бір қабырғасы және оған іргелес жатқан екі бұрышы тең үшбұрыштар өзара тең, яғни конгруэнтті екенін дәлелдеген соң, ол осы нәтижесін теңіздегі кемелердің арақашықтығын анықтау үшін пайдаланды. Ксенофанның аспан денелері туралы пікірі соншалықты әсерлі емес. Ол жер бізден төмен шексіздікке дейін созылып жататынына сенгендіктен, күн батқан кезде жерден төмен түсетінімен келісе ал- мады. Екінші жағынан, ол көлбеу жердің көлденең айналуы туралы Анаксименнің идеясын сынады. Ол жаңа және шығармашыл түсі- нікұсынды: оның ойынша, Күн - күн сайын жаңадан пайда болады.Ол әр таңда кішкентай ұшқындардың жиынтығынан пайда болады және шексіздікке ғайып болады. Айналма қозғалыстың пайда болуын күн мен біздің арамыздағы үлкен арақашықтықпен түсіндірді.Бұл теориядан шығатыны, шексіз тәуліктер секілді, шексіз күндер бар, әлем су және жер фазаларынан өтсе де, ол мәңгі болып қала бермек . Ксенофанның космологиясы дәлелсіз болғанымен, ол өзінің натурализмімен ерекшеленеді: мұнда Сократқа дейінгі баска философтарда кездесетін анималистік және жартылай діни элементтер жоқ. Кемпірқосақ құдай болып та құдайдың белгісі болып та есептелмейді. Бұл - жай ғана түрлі-түсті бұлт. «Ежелгі Сократқа дейінгілер туралы алыпқашпа пікірлерден шар- шап, Гераклитқа жеткенімізде, - деп жазды Гегель, - жерді аңсаған теңізшілердің жағалауды көргенде шексіз шаттанғаны тәрізді біз де қуанышқа кенелеміз». «Мен логикама сыйдыра алмаған Гераклит- тің бірде-бір тұжырымы жоқ» деп те мақтанды.

Гераклит өзін Декарт пен Кант секілді философиядағы жаңа бас- тау көзі деп санады. Ол өзінен бұрынғы ойшылдардың жұмыстарын пайдасыз деп таныған: Гомер поэзиясын кез келген мүшәйраның бірінші айналымынан шығып қалуға лайық десе, Гесиод, Пифагор мен Ксенофанды кітап кемірген, ілімі пайдасыз оқымыстылар деп бағалады .Декарт пен Кант секілді, Гераклит өзі мойындамаса да, өзінің алдындағы ізашарлары оған айтарлықтай эсер етті. Ксенофан секілді ол да кеңінен таралған дінді қатты сынады: қанды күнәдан өзін тазалау үшін жасалған қанды тасаттық балшықты балшықпен жууға пара-пар болды. Мүсіндерге сыйыну бос үйде сыбырлаумен тең болса, фаллостық шерулер мен дионисийлік дәстүрлер тіпті адам жиіркенетіндей деді. Бұл лаулаған әлем - Логоспен басқарылатын, жаратылуына құдайлар мен адамдардың еш қаты- сы жоқ жалғыз әлем. Оның пікірі бойынша, бұл айтулы ғарыш - жай ғана қоқыс үйіндісі деп айтсақ, сандырақ болар еді. «Логос» - жазба немесе ауызша сөз үшін күнделікті грек термині, бірақ Гераклиттен бастап эр грек философы дерлік оған бір немесе бірнеше орасан зор мағына берді. Аудармашылар бұл сөзді «ақыл» деп жиі аударады - адамдардың ақыл-ой қабілетіне немесе реттілік пен сұлу- лықтың ғарыштагы асқақ қағидатына сілтеме жасайды. Бұл термин өзінің қабілеттілігін христиандық дін білімінде алды, төртінші Інжілдің авторы: «Басында Логос болды, ал Логос Құдаймен болды және Логос Құдай болды» деп мәлімдеді.Гераклит еңбектерінен 15 мыңға жуық сөз сақталды. Оның ежелгі және қазіргі заманғы философтарға тигізген ықпалы - таңғаларлық.

...

Скачать:   txt (26.3 Kb)   pdf (72.2 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club