Әлеуметтiк саясат қоғамдық теория және практика ретiнде
Автор: dauren01017804 • Апрель 25, 2019 • Лекция • 4,193 Слов (17 Страниц) • 684 Просмотры
1-тақырып. Әлеуметтiк саясат қоғамдық теория және практика ретiнде.
1. Әлеуметтiк саясат қоғамдық теория және практика ретiнде.
2. Әлеуметтiк саясат пен экономиканың өзара байланысы мен өзара тәуелдiлiгi.
3. Әлеуметтiк саясат мәнi және негiзгi мақсаттары.
1. Әлеуметтiк саясат қоғамдық теория және практика ретiнде.
Қолданбалы және практикалық тұрғыда әдетте әлеуметтiк саясат деп халықтың өмiрiн қамсыздандыруға бағытталған нақты шаралар мен iс-шаралар жиынтығы (жүйесi) түсiндiрiледi. Бұл шаралардың негiзгi бастамашысы (субъектiсi) кiм екенiне байланысты олар мемлекеттiк, аймақтық, корпоративтiк және т.б. сияқты болып бөлiнедi. Бұл терминологиялық көзқарастың өмiр сүруге құқығы бар және оны жоққа шығаруға болмайды, бiрақ ол осы әлеуметтiк құбылысты неғұрлым терең түсiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Әлеуметтiк саясатты осындай тар түсiндiру арқылы, мысалы, шаралар мен iс-шаралардың болмауы әлеуметтiк саясат жоқ деп қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Әлеуметтiк саясат үнемi теориялық позициялардан ғана емес, практикалық өмiрде де орын алады. Әлеуметтiк саясат, өкiнiшке орай, қате, әлсiз, деформацияланған және т.б. болуы мүмкiн, өйткенi кең мағынада және ғылыми көзқарастарда – бұл шаралар мен iс-шаралар жүйесi ғана емес, әлеуметтiк топтар, қоғамның әлеуметтiк таптары арасындағы өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесу жүйесi, және оның ортасында адамның басты мақсаты - адам, оның әл-ауқаты.
Яғни, әлеуметтiк саясат көпқырлы үрдiс және құрылымы қиын құбылыс. Тек бiр немесе екi көрсеткiштер мен критерийлер арқылы (олар өте маңызды болса да), мысалы, жалақы деңгейi, жұмыссыздық деңгейi және т.б., оның жағдайын нақты және толық бағалау қиын. Әлеуметтiк саясат объектiсi мен пәнi сызықты емес, көп деңгейлi және жүйелi болып табылады. Осы саясаттың объектiсi мен пәнi iрi бiрiккен кешен - әлеуметтiк және еңбек саласының бiр бөлiгi болып табылатын негiзгi элементтер, блоктар мен құрылымдармен сәйкес келедi, олардың арасында:
- әлеуметтiк сала бөлiмдерi (бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, тұрғын үй-коммуналдық секторы және т.б.);
- еңбек нарығы, жұмыспен қамту, жұмыссыздық;
- әлеуметтiк серiктестiк;
- әлеуметтiк қорғау;
- еңбектi төлеу және оны қорғау;
- әлеуметтiк сақтандыру;
- зейнетақы жүйесi және т.б.
Сондықтан, әлеуметтiк саясатты жүзеге асыру кезiнде, оны тек бiр бағыттар бойынша ғана емес, басқа аймақтарды да ұмытпай, барлық салалардың қамтылуын ескеру маңызды. Субъектiлер тек қана бiлiм беру, мәдениет, және т.б. салаларының дамуына ғана көңiл бөлiп, ал еңбекпен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және т.б. мәселелерiмен айналыспайтын әлеуметтiк саясатты дұрыс және күштi деп айтуға келмейдi.
Әлеуметтiк саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттiк реттеудiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Әлеуметтiк саясаттың маңыздылығы жұмыс күшiн ұдайы өндiру процесiне, еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға, еңбек ресурсының бiлiм және мамандық деңгейiн көтеруге, өндiргiш күштердiң ғылыми техникалық деңгейiне, қоғамның мәдени және рухани өмiрiне байланысты анықталады. Әлеуметтiк саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейiн төмендететiп өндiрiстегi экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейiнгi бiлiм беру сияқты әлеуметтiк салалар халықтың басым бөлiгiн үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндiрiстегi жұмысбастылықты көтеруге мүмкiндiк туғызады. Әлеуметтiк саясаттың негiзгi мақсаты - қоғам мүшелерiнiң материалдық, мәдени және рухани қажеттiлiктерiн қамтамассыз ету.
Әлеуметтiк саясаттың негiзгi мақсаттары:
- Қоғамдық қатынасты үйлесiмдi дамыту, халықтың әр түлi топтарының мүдделерi мен қажеттiлiктерiн қоғамның мүддесiмен келiстiру, қоғамдық саяси жүйенi тұрақтандыру.
- Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндiрiске қатысу үшiн экономикалық ынталандыру, әлеуметтiк мүдделердi теңестiру.
- Халықты әлеуметтiк қорғау мен мемлекеттiк кепiлдiк беретiн әлеуметтiк экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның iшiнде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлiгiне қолдау көрсету.
...