Әлеуметтік көмек түрлері. Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер
Автор: shaihiev.e • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 944 Слов (4 Страниц) • 677 Просмотры
Атырау жоғарғы медициналық колледжі
Реферат
Тақырыбы:Әлеуметтік көмек түрлері. Денсаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтер.
Орындаған: Орындаған: «Мейіргер ісі» 330-топ студенті Шайхиева Диана
Тексерген: Бейбітқызы Амина
2021 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Әлеуметтік көмек түрлері
ә) арнаулы әлеуметтік қызметтер
б) әлеуметтік қызметкер
в) әлеуметтік қызмет көрсетуге жататын топтар
г) мемлекеттік жәрдемақы түрлері
ІІІ.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
Әлеуметтік көмек түрлері:
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер:
1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;
2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтікпсихологиялық бейімдеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
4) әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
5) әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер;
6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтіктұрмыстық қызметтер;
7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;
8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды:
1) консультация беру (жеке және топтық);
2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);
3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету;
4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
11. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады.
12. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады.
13. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек. 14. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
Әлеуметтік қызметкер:
-әлеуметтік-медициналық, заңдық, психологиялық – педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершілік, күш пен психикалықденсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен жеке адамдарды анықтауға; - оларға қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге (отбасында, жұмыс және оқу орында, т. б. ), осындай қтындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуге және әлеуметтік қорғауға; - көмек қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік – экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге; - кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердіңүйдегі жұмысы туралы еңбек келісім шартын жасау және отбасы тәрбиесіне көмек көрсетуге; - әлеуметтік мінез – құлықты кәмелетке толмаған балалармен отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық – педагогикалық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге; - қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқытып тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтік – тұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге; - кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге (қажет болған жағдайда); - отбасына, жетімханаларға әлеуметтік көмек көрсетуге (балалыққа алу, қамқоршылық пен қамқорлық көрсету, әлеуметтік ақталуына ) орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және т. б. құру жұмыстарына қатысуға міндетті. Біліктілік анықтамылығы әлеуметтік қызметкердің жалпылай қызметін, әлеуметтенуін, дайындық дәрежесін есепке алмастан оған қойылатын талап пен міндеттерін анықтайды.
...