Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтану бізге қандай уәде береді?

Автор:   •  Январь 31, 2020  •  Эссе  •  489 Слов (2 Страниц)  •  1,822 Просмотры

Страница 1 из 2

Әлеуметтану бізге қандай уәде береді? Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын зерттейді. Әлеуметтану терминін ең алғаш рет XIX ғасырда Огюст Конт қолданған. Қоғамдық құбылыстар,қоғамдық институттар,қоғамдық қатынастардың обьектісін әлеуметтану құрайды. Әлеуметтану - адамдардың әрекеттерін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынады.Әлеуметтану жеке өмірімізде, елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастырады. Шағын көлемде ол қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін - отбасылы болу жұмысқа тұру, бала өсіру, көңіл көтеру сияқты жайттарды қарастыруы мүмкін. Ал кең ауқымда әлеуметтану үйсіздік, денсаулық сақтау реформасы, қоршаған ортаның азуы, кедейлік және соғыс сияқты маңызды ұлттық және халықаралық проблемалардың түйінін іздейді. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Мәселен, Миллс Чарльз Райттың әлеуметтік қиял еңбегінде әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды, мысалы, жұмыссыздық,ақшаның жетіспеуі немесе әлеуметтік қоғамда өзін жоғалтуы, аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады.Әлеуметтік қиял- адамның өмірінің тарихы мен жағдайларын түсінуге сонымен қатар олардың қоғамдағы қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл қоғам адамзат тарихында

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (35.4 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club