Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Автор: Ержан_ Duysanbaev • Сентябрь 17, 2021 • Доклад • 3,209 Слов (13 Страниц) • 451 Просмотры
Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері.
- Мақсаты: студенттерді әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымымен, үрдістерімен таныстыру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру. Оларды зерттеулердің масаты мен міндеттерін анықтауға үйрету.
- Дәріс жоспары:
1. Зерттеудің пәні мен объектісі.
- Әлеуметтанулық зерттеулердің мақсаты мен мәні.
- Әлеуметтанулық зерттеу әдістері.
- Әлеуметтанулық сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат алудың негізгі әдісі.
- Дәріс тезистері:
1. Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуі тереңірек зерттеу болып табылады. Өззінің ерекше әдістерін басқара отырып, эмперикалық социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмперикалық сатысы әр жақтылық пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтік шындықтың бейнесін береді. эмперикалық талдау теориялық білімнің бастаук көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады.
Социологиялық зерттеу - нақты теориалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориалық және эмперикалық рәсәмдер жүйесі.
Социорлогиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар
Социологиялы зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
1. Мақсаты және теорилық бағдары. Мұнда олар:
а) статистикалық; б) тәжірибелік; в) типалогиялық; г) тарихи болуы мүмкін; д) кейбір таңдамалы оқиғаларды зертеу мақсатында жүргізілуі мүмкін ( монографиялық сипаттама).
2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері; материалды таңдау әдісі. Мұнда олар; а) барлау ( сынау, пилотажды, зондажды ) б) сипаттамалық ( сарапшылардың сауалнамасы, мақсаты сипаттама, объекті туралы түсінік ); в) талдамалық ( себептік байланыстарды сипаттау және анықтау ) болуы мүмкін.
Барлау арқылы зерттеу - нақты - социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарла мен көлемі бойынша сығындалған құралдарға ( сауалнама, бланк - интервью, сауалнама парағы және басқалары ) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір түрі - экспресс - сауалнама.
Сипаттамалық зерттеу нақты - социологиялық зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.
Талдама зертеу - социологиялық талдаудың ең күрделі түрі, ол зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат етеді; бұл зертеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: а) бір жолғы, нүктелік; б) қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар - сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі - бір уақыт арқылы; в) лонгитюдті ( объектіні ұзақ уақыт кезең - кезеңмен бақылау ) .
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама - кезең - кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми - тәжірибелік зертеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
1. Не істеу керек.
2. Ойлаған нәрселерді немен орындау
керек.
3. Ойлағандарды қалай орындау керек.
Бағдарламаның функциялары:
1. Теориялық - әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
...