Стратификация
Автор: Neri_luuu • Март 14, 2024 • Доклад • 466 Слов (2 Страниц) • 94 Просмотры
Стратификация
Стратификация – қоғам ішіндегі заңдастырылған теңсіздік. Яғни, қоғамның түрлі әлеуметтік таптарға, қауымдастықтарға жіктелуі. Ол тарихтағы әр қоғамға тән. Жылдар бойы ғалымдар бұл құбылысты зерттеуге тырысып, көптеген тұжырымдамалар, теориялар жазып кеткен. Айтарлықтай үлес қосқандар әрине батыстық ғалымдар, олардың ішінде алғашқылар қатарында болған Карл Маркс пен Макс Вебердің тұжырымдамаларына тоқтап өтемін.
Карл Маркс.
Маркстың әлеуметтану теориялары қазіргі әлеуметтанудың бір тірегі болып табылады. Маркс өз заманында капитализмге сыни көзқараспен қараған адамдар санына кірген. Ол өз еңбектерінде осы капитализмге негізделген қоғам жайлы жазған. Ғалымның ойынша – материалдық жағдай сенің әлеуметтік рөліңді толықтай таңдайды. Оның айтуынша капитализм уақытында кедейлер тек кедейлене түседі, ал байлар одан көп байлыққа қол жеткізеді, ал таптық күрес – тарихи даму қозғалтқышы. Өз еңбектерінде ол таптық санаға ерекше мән берген және оның ойынша: идеологияны үстем тап өз билігін нығайту үшін пайдаланады.
Маркс қоғамдағы әлеуметтік құрылым екі таптан құралған деген ұстанымды жақтаған. Ол екі тап: буржуазия және пролетариат, оңайырақ айтсақ дәулеттілер және кедейлер. Буржуазия, яғни дәулеттілер, адамның еңбегі үшін қажетті барлық материалдар иесі болған, ал пролетариат бұндайға қол жеткізе алмағандықтан буржуазияға жұмыс жасаған.
Маркс идеялары сол уақытта өзекті болып табылған, алайда қазіргі таңда бұл ұстаным өз өмірін сүрген, қазіргі қоғамға сай емес деген ойлар көбейді. Бұндай ойлар тек біздің уақытымызда болмаған. 20 ғ. басында өмір сүрген Макс Вебердің де теориясы Маркстің идеяларынан ерекшеленген.
Вебердің стратификация теориясы бойынша: адамның қоғамдағы орны тек материалды әл-ауқатқа негізделмеген. Оған бірнеше факторлар әсерін тигізген. Вебер атап өткен негізгілері:
•Байлық
•Билік
•Мәртебе
Вебер қоғамның әлеуметтік-мәдени аспектілеріне үлкен мән берді. Ол әлеуметтік құрылымдарды қалыптастырудағы және қоғамды өзгертудегі діннің, идеялардың, бюрократияның және жеке іс-әрекеттің рөлін зерттеді. Алайда, бұл Вебердің материалдық жағдайға көңіл бөлмеді дегені емес. Әрине, ол әлеуметтік класстар мен материалдық жағдайды ескерді, бірақ оның тұжырымы бойынша: адам тек материалды жағдаймен жоғарғы тапқа жете алмайды. Мәртебе де үлкен рөл атқарды. Мәртебесі тең адамдар өз қоғамдастықтарын құрады және олардың ортақ мүдделері, мақсаттары бар. Вебер «жоғары мәртебе мен билікке қол жеткізудің экономикалық негіздері бар» деген оймен келіседі. Алайда олардың әлеуметтік теңсіздікке әсері тәуелсіз деген. Атап айтқанда, Вебердің пікірінше, мәртебе экономикалық билікке жиі қарама-қайшы келіп, «тек қана» байлығы бар адамдардың талаптарына тосқауыл болады. Мәселен, мафия мүшесі кеп қаражатқа және өндіріс құралдарына ие болса да кең қоғамдастықта абыройлы болмайды. Осыған негізделе отырып, ол әлеуметтануға стратификация ұғымын енгізген болатын.
...