Отбасыдағы гендерлік рөлді анықтау
Автор: Аружан Байгушикова • Февраль 9, 2022 • Контрольная работа • 481 Слов (2 Страниц) • 225 Просмотры
Жоспары:
1) Дәстүрлі отбасы бейнесі
2) Қалыптасқан патриархалды отбасы
3) Өзіндік жеке таңдау
Мақсаты: Отбасыдағы гендерлік рөлді анықтау. Гендерлік стереотиптерді және олардың қоғамдағы теріс рөлін қарастыру;
Дәстүрлі отбасы бейнесі
Гендерлік рөлдер отбасының құралымында өте маңызды.Отбасы - ең маңызды институттардың бірі. О. Конт пайымдауы бойынша
«Отбасы – «қоғамның маңызды бірлігі», сүйіспеншілік пен өзара жанашырлыққа негізделген моральдық - эмоционалды одақ» .Ол шабыттандыратын және күшті болуы мүмкін. Көптеген отбасылар әлі де дәстүрлі бейнеде қала береді. Отбасының әйелі немесе анасы балаларға қамқорлық жасау және үй міндеттерін орындау үшін үйде қалады. Ал ер адам отбасын қамтамасыз ету үшін жұмысқа барады. Мінсіз отбасының бұл бейнесі тарихи кезеңдер бойында жасалған. Қоғамның көпшілігі осылай болуы керек деп санайды. Адамның жынысы отбасындағы үміттерді анықтайды деп саналады. Күн сайын біз стандартты гендерлік, жұмыс және отбасылық рөлдерді реформалауды қажет ететін әлеуметтік нормалардың өзгеруіне куә боламыз. Әйел адамдардың үйде отыратын кезеңдері болды. Қазір жұмыс істейтін аналар саны көбейді. Бұл көптеген өзгерістерге әкелді.
Патриархалды отбасы
Ерекше көңіл бөлетін отбасы типі. Азиялық мәдениетінде көбінесе қалыптасқан отбасы моделі. Және де осы тақырыпшада біз патриархалды отбасыға әр-түрлі көзқарастармен қараймыз. Патриархия-бұл ер адамдар қоғамда немесе топта, мысалы, жұмыс орнында, қоғамда немесе отбасында билікке ие позициясы.
Марксистік тұрғыдан алғанда, отбасы патриархалды болып табылады, өйткені моногамдық отбасының көбейуі "әйелдердің дүниежүзілік тарихи жеңілісі"-(Энгельс). Моногамдық отбасы әйелдерді бостандыққа қол жеткізуден айырды және оларды "балаларды өндіру құралына" айналдырды, өйткені әйелдер бостандығын және өздерінің өмірлік жолдарын таңдаудан бас тартты. Буржуазия бізге моногамдық отбасыны функционалды және стереотиптік
...