Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Социологии"

Автор:   •  Сентябрь 7, 2021  •  Лекция  •  2,170 Слов (9 Страниц)  •  337 Просмотры

Страница 1 из 9

Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және Адам баласы өмірінің басты мақсаты – мәдениет ұстындарына сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда басталған жаңа үрдістердекөп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі – қазіргі кездегі қоғамдық өмірдедәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына жағдайлар – ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өміріндеорын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі – бұл реттеу функциясы. Оның негізгі мәні – адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет моральмен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді.

Сонымен, мәдениет ұғымы бір жақты да емес, бір сатылы да емес болып табылады. Мәдениет түсінігі аясына жеке адамға, қоғамға, халыққа, ұлтқа, мемлекетке және Әлемге қатысты мәдени ұстанымдар жүйесі енеді. Айтып кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш көзқарасты қолдана отырып, зерттеуші соған тән барлық үдерістерді толық қарастыра алады: тарихи (уақыттылық) – қандай да бір мәдени құбылыстардың өмір сүруінің уақыты және орны; формальды-функциональды (уақыттан тыс) – мәдениеттің қызметі мен құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс, қайталанатын және кері түріндегі үдерістерін, интеграция мен дезинтеграцияны түсіну; формальды-уақыттылық үдеріс, әдетте, мәдениеттің өсуі немесе дамуы деп атайды – бұл мәдени жүйенің әр уақытта өзгеруі,бір форма алдыңғы формадан шығуы және келесі бір формаға айналуы. Бұл үдерістің шеңберінде өзгерістер жеке құбылыстармен емес, мәдени құбылыстардың сыныптарымен болады.

Мәдениет ұғымына адамзаттық қоғамның өндірістік, қоғамдық және рухани өмірдегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жиынтығы, тәрбие мен білімділіктің белгілерітағы с.с. түсініктер кіреді. Ауылдар, аймақтар, этникалық топтар, халықтар, діни ұстанымдар – бұлардың барлығы мәдени әртүрліліктің деңгейлерін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір мәдениетке ие.Мәдениет туралы ХХ ғасыр гуманисі Альберт Швейцер былай дейді: «Мәдениет дегеніміз адам баласының және бүкіл адамзаттың алға қарыштауының жиынтығы, ал бұл қарыштау индивидтің рухани жетілуіне ықпал тигізуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, бұл қарыштау мәдениетке апармайды» (Швейцер А. Культура и этика. – М.: Прогресс, 1973. – 103 б.). Яғни, бұл алға қарыштау адам баласының рухани жетілуінің белгісі болып табылады және солай болуға тиіс. Алға қарыштау дегеніміз тек ғылыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дүниенің, қазынаның, құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс.

Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен нысандары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады. Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды. Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды «жасау», тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады,

...

Скачать:   txt (33.1 Kb)   pdf (77 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club