Сөз мағынасының дамуы
Автор: 020726naz • Октябрь 13, 2022 • Реферат • 1,437 Слов (6 Страниц) • 1,196 Просмотры
№ 5 дәріс тақырыбы: Сөз мағынасының дамуы.
1. Сөз мағынасы.
2. Сөз мағынасының кеңеюі және тарылуы.
3. Сөз мағынасы өзгеруінің ішкі және сыртқы себептері.
1. Сөз мағынасы.
Сөз болған жерде мағына болуы – табиғи нəрсе. Біз қандай сөзге болсын мəн, мағына беріп, белгілі мазмұнда айтамыз. Сөз мағынамен тығыз байланысты. Сондықтан сөз – мағынаның тірегі. Сөзсіз мағына жоқ. Бірақ бұдан сөз бен мағына екеуі бір нəрсе деп қарауға болмайды. Өйткені тілде кейбір сөздер мағынасын жоғалтқан, сонда да олар мағынасыз сөз болып өмір сүре береді. Мысалы, шылауларды алайық. Дейін, шейін дегендер – сөз. Бірақ нақты мағыналары осы күнде жоғалып, шылау болып қалған.
Күн сайын келем, сол үшін келдім, соған бола келдім, келген сол ғой, суға қарай беттеді, тауға таман беттеді. Осы мысалдардағы сайын, үшін, бола, ғой, қарай, таман дегендер – сөздер. Ал олардың жеке тұрғанда ешбір мағынасы жоқ. Ол сөздердің дыбысталуы, сыртқы дыбыстық формасы ғана сақталған, ішкі мағына ажыраған. Мұндай сөздерді бұрынғы жеке сөздік дəрежесінен бір басқыш төмендеп, өзгеруге бет алған, өткінші кезеңде тұрған сөздер деп санаймыз. Олар енді бір басқыш өзгерсе, жеке сөзден гөрі грамматикалық элемент болып кетеді (Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мəселелері. – Алматы, 2014. 127-бет).
Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Ұғымның болуы сөз мағынасының маңызды шарты. Алайда сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себептер болатын жайттар бар.
Сөз мағынасы логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әртүрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын білдіреді. Айталық, Түу! Ойбай-ай! Құдай-ай! Обал-ай! десек мұндай сөздер адамның қуаныш, сүйініш, күйініш, т.б. сезімдерін білдіреді. Демек, мұнда сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, эмоцияны да білдіретінін көреміз.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына, грамматикалық мағына. Лексикалық мағына дегеніміз – «тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны» деп келтіреді В.В.Виноградов (Виноградов В.В. Основные типы лексических значений//Вопросы языкознания. 1953. №5. 10-бет)
Лексикалық мағына – сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына – зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы (Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. – 264 бет. 70-бет). Ол – сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аудару қажет.
Грамматикалық мағына дегеніміз – грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады. Екеуінің арасында тығыз байланыс болады.
2. Сөз мағынасының кеңеюі және тарылуы.
Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс өз кезегінде сөз мағынасының дамуына әсер етеді. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мағынаның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы сөз мағынасының кеңеюі деп аталады.
...