Исламның қазақ қоғамындағы орны және оның қазақ әдебиетіне ықпалы
Автор: maral9414 • Май 4, 2018 • Статья • 642 Слов (3 Страниц) • 849 Просмотры
Исламның қазақ қоғамындағы орны және оның қазақ әдебиетіне ықпалы
Қазақстан дәстүрлі ислам территориясы болып табылады. Қазақ қоғамының мұсылмандары Орта Азияда ислам дінінің кең таралған төрт мектептерінің бірі Әбу-Ханифа (мәзхаб) ілімін ұстанады. Бұл мектепте ислам дінімен қатар қазақ ұлтының дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары бір-бірімен үйлесе байланысқан. Бүгінгі таңда Қазақстанда ислам дінінің өркендеуі теоретикалық және діни тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар өмірлік маңызы бар қолданбалы сала ретінде де үлкен сұранысқа ие. Ислам мемлекеттің өркендеуіне маңызды фактор болып табылады.
«Біз өзіміздің түркілік тамырымыз бен ислам дінімізді ұмытпауымыз керек. Сол үшін біз Қасиетті Құранды насихаттауымыз тиіс», – деп Қазақстан Президенті айтып өткен болатын. Заманауи қазақ қоғамы түп тамырын жаңғыртып, исламды ғылыми тұрғыдан түсінуге талпынып жатыр.
Бұған 2006 жылы Алматыда өткен «Жетісу мұсылмандарының I құрылтайына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы дәлел болады. Жетісу өлкесі мұсылмандарының бірінші Құрылтайының қаулысында «Бүкіл Орта Азия мұсылмандарының діни-рухани мәселелерімен айналысатын мұсылмандар діни бас басқармасын құру, мүфтиден бастап азаншыға дейінгі дін қызметкерлерін мәселесі, вакуфтар ашу, мектептер мен медреселерді реформалау қажеттілігі»- секілді мәселелері көрсетілген.
Соған қарамастан, Кеңес режимінің ұзақ жылдар бойы атеизмді санамызға сіндіріп, дінімізді мүмкіндігінше қыспаққа алуы – қазақтардың ата-баба дінінен ажырауына ықпалын тигізе алмады. Өйткені қазақтар дініне берік, діліне ұқыпты болды. Атеистік жүйенің идеологтарының қысымына шыдас беріп, халқымыз шынайы ислам дінінің ұлылығын жандарында сақтады.
Қазақстан территориясында исламның таралуы мен өркендеуі бірнеше кезеңдерден тұрады.
VIII-IX ғасырлары евразиялық алқаптарға ислам дінінің енуі бірінші кезеңге сәйкес келеді.
X-XVII ғасырлары екінші кезең орта ғасырлық мемлекеттерде ислам дінінің қанат жаюы ретінде сипатталады.
Үшінші кезең – XVIII соңы мен XIX ғасырдың басы Ресей патшалығына енуі мен суфизм рөлінің төмендеуі және ресейлік колониальдық әкімшілігінің исламға нейтральды саясаты.
Төртінші кезең – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы. XIX ғасырдың соңы Казақстан территориясында ислам позициясының нығаюы ресей билігінің мүддесіне сай келмеді. Сондықтан нейтралитетті саясаттан исламды қысымға алу саясатына көшеді.
1917 жылдың қазаны мен 90-жылдарға дейін кеңестік дәуірдің бесінші кезеңі басталады. Исламға деген саясат жалпы дінге қатысты саясат аясында жүргізілді. Қазақ діни басқармасы 1923 жылдан кейін орталығы Уфа қаласы болып саналатын ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының Орталық діни басқармасының қарамағына енді.
Қазақстандағы ислам дамуының алтыншы (қазіргі) кезеңі. 1980 жылдардың соңынан бастап Қазақстандағы исламның қайта жаңғыруы жүрді. Қазақстандық мұсылмандардың Демократиялық қайта құрулар халықтың дінге сенуңн емес, догматикалық жағына да қызығуға жол ашты. Қазақстан тарихында алғаш рет 1990 жылы жеке мұсылман діни басқармасының (муфтиат) құрылуы маңызды, айтылуы оқиға болып саналады. Оның жанынан құрылған білім ордасы Алматыда «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр Ислам университеті ашылды.
...