Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылыми-психологиялық зерттеу туралы әдебиеттерді талдау және шолу (кесте)

Автор:   •  Февраль 11, 2022  •  Реферат  •  1,503 Слов (7 Страниц)  •  372 Просмотры

Страница 1 из 7

     АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ  ИНСТИТУТЫ

[pic 1]

№ 1 дәріске СОӨЖ тақырыбы:  Ғылыми-психологиялық зерттеу туралы әдебиеттерді талдау және шолу (кесте)

№ 1 дәріске СӨЖ тақырыбы:  Ғылыми-психологиялық зерттеу әдісі бойынша негізгі ұғымдар (глоссарий)

                                                                                                           

                                                     

                                                       Топ: Психология 4-топ

                                                                        Орындаған: Смайлова Мерей

                                                                             Қабылдаған: Бейсембаева К.Д

2022-2023жж

Ғылыми-психологиялық зерттеу туралы әдебиеттерді талдау және шолу (кесте)

Психологиялық зерттеу – бұл психикалық құбылыстардың мәнін және олардың заңдылықтарын ғылыми таным тәсілі. Психологиялық зерттеудің кезеңдері: дайындық кезеңі, мәліметтерді жинау кезеңі, сандық және сапалық өңдеу кезеңі, және нәтижелерді интерпретациялау кезеңі. Кез-келген психологиялық зерттеу бірқатар қатаң талаптарға сай жүргізіледі: Бірінші: зерттеуді жоспардау – оның барлық кезеңдерін мұқият жобалаудан құралатын зерттеудің логикалық және хронологиялық сызбасын құрастырғанын қамтиды. Екінші: зерттеуді жүргізу орны – сыртқы кедергілерден оқшау болуды қамтамасыз етуі, санитарлық-гигиеналық және психологиялық талаптарға сай болуы қажет. Үшінші: техникалық жабдықтау – зерттеу барысында зерттеу міндеттеріне және алынатын нәтижелерді талдау деңгейіне сәйкес болуы қажет. 

 ​Жалпы бұл зерттеу  – ғылымның өзіне тән, таным әрекетінің арнайы бағытталған формасы, жаңа білім өндірудің (тудырудың) әдісі заңдылықтар, құрылым, зерттелетін құбылыс әрекетінің механизімдері, мазмұны, принциптері, әдістері мен әрекетті ұйымдастырудың формалары жөнінде жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми әрекеттің нәтижесі мен үрдісі.     

Эмпирикалық кезең – шындыққа негізделген бастапқы материалдың алынуымен және алғашқы өңделумен тығыз байланысты. Әдетте, шындыққа негізделген және ғылыми факті болып екіге бөлінеді.Эмпирикалық кезеңде зерттеуші төменде көрсетілгендерді жүзеге асырады: 1) Әр фактіні кездейсоқ және мардымсыз қоспалардан тазартып тексереді және сын көзімен бағалайды; 2) зерттеу жұргізілген ғылым саласына сәйкес нақты терминдер арқылы әр фактіні сипаттайды; 3) фактілер ішінен дамудың негізгі тенденцяларын көрсететін және әдеттегі көбінесе қайталанып келетін фактілерді сұрыптайды: 4) зерттеліп жатқан құбылыстарды олардың түрлеріне, мәндеріне қарай топтастырады, оларды бір жүйеге келтіреді: 5) іріктеп алынған фактілердің арасындағы неғұрлым айқын байланыстарды көрсетеді. Эмпирикалық кезеңде зерттеліп жатқан құбылыстарды сипаттайтын заңдылықтар тексеріледі.

Теориялық кезең – фактілерді терең талдаумен, зерттеліп жатқан құбылыстың мәніне бойлаумен, мағұлмат алу және заңдарды сандық және сапалық түрде тұжырымдаумен, яғни құбылыстарды дәлелдеумен байланысты. Бұл кезеңде зерттеліп жатқан құбылыстардағы мүмкін болатын оқиғаларды немесе өзгерістерді болжау, осы құбылыстарға тәжірибелік жағынан әсер етудің ұсыныстары мен әрекеттерінің принциптері түзіледі. Теориялық кезең құбылыстарды, үрдістерді т.б. зерттеумен тікелей байланысты. 

Эмпирикалық және теориялық кезеңдердің арасындағы байланыстырушы буын – проблеманың қойылу мерзімі. Мұның мәні: белгіліні және белгісізді анықтау; түсіндірілген немесе түсіндіруді қажет ететін фактілерді ашу; сәйкес не қайшы келетін теорияларды білу; қойылған проблеманың негізгі мәнін білдіретін сұрақтарды тудыру; оның ғылымға қажеттілігін және дұрыстығын дәлелдеу; нақты мәселелерді белгілеу, оны шешудің бірізділігі, онда пайдаланылатын амалдар мен құралдардың сәйкестігі.

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (266.1 Kb)   docx (179.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club