Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлғаның әлеуметтенуі тақырыбымен үндес Абай өсиеті

Автор:   •  Ноябрь 21, 2021  •  Эссе  •  492 Слов (2 Страниц)  •  441 Просмотры

Страница 1 из 2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті[pic 1]

Эссе

Тұлғаның әлеуметтенуі тақырыбымен үндес Абай өсиеті

Орындағандар: Айкуз Индира, Айбекқызы Гүлнұр, Аймұратқызы Құралай,  Амангелдиева Мархабат, Амирбек Ақниет, Асылбек Сымбат, Әдбіқалық Толғанай.

Қабылдаған:  Арын Д.А.

Тобы: ҚТӘ-101

          Әлеуметтену – өзара әрекеттесудің маңызды түрі, адамның қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуы, адамның биологиялық ағзадан әлеуметтік ағзаға айналу процесі.

        Жеке тұлғаны әлеуметтендіру көздері: ерте балалық шақтың алғашқы тәжірибесі-психикалық функцияларды  және әлеуметтік мінез-құлықтың қарапайым формаларын қалыптастыру; әлеуметтік институттар-тәрбие, оқыту және білім беру жүйелері; қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.

         «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер-білімінде. Адамға үш алуан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады»-деген Абай атамыздың өсиеті тұлғаның әлеуметенуі тақырыбын бір ауыз сөзбен-ақ жеткізіп  тастағандай. Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, белгілі бір әлеуметтік институттың мүшесі  болып саналады. «Адам есін білмей, қалайша әлеуметтік институтқа кіре алады?»-деген сұрағыңыздың жауабы отбасы институтынан  бастау алады. Отбасы-тұлғаны әлеуметтендіру процесінің негізгі іргестасы.

             Отбасы – ер мен әйелдің некелесуі негізінде құрылатын әлеуметтік топ, әлеуметтік институт. Ұлы Абай  «Ата-анадан»-деп атап көрсеткендей, мұндағы ата-ана-отбасыны құрушы, тұлғаларды тәрбиелеуші, өзге де әлеуметтік институттарға, процестерге бейімдеуші ең негізгі екі тұлға. Отбасының атқаратын қызметі (функциясы):

-       Репродуктивті - баланың туылуы, яғни халық санын көбейтуге үлес қосу;

-       Тәрбиелеу;

-       Әлеуметтендіруші,

-       Асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға, мүгедектерге қамқорлық көрсету, экономикалық қолдау;

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (523.8 Kb)   docx (516.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club