Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Масасыз, қорқынышы және фобиясы бар науқастармен қарым-қатынас жасау

Автор:   •  Февраль 8, 2023  •  Реферат  •  2,631 Слов (11 Страниц)  •  899 Просмотры

Страница 1 из 11

Кіріспе

Медицина қызметкері өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұхбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен  т.б қарым - қатынастарды жатқызуға болады. Медицина қызметкерімен науқас адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Ауру адамға көмектесу, аурудан жазылып кететіндігіне сендіру әңгімелерде, сұхбаттасуда, қарым - қатынас барысында медицина қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әсіресе психикалық дамуында ақаулары бар және қарым-қатынаста өзіндік проблемалары бар науқастармен дұрыс қарым- қатынас жасау медициналық қызметкердің шыңдалған кәсіби мамандылығын талап етеді.

1.Масасыз, қорқынышы және фобиясы бар науқастармен қарым-қатынас жасау

Масасыздық мәселесі психопаталогияда аса зерттеуді қажет ететін проблема болып табылады.Масасыздық қауіп-қатер қиындық пен тіпті сәтсіздіктерді де алдын- ала ескертеді.

Пациентте қорқыныш не себепті болуы мүмкін

 Пациенттің өзінің жеке дара мінезінде қорқыныш белгілері  болуы немесе қорқынышқа шалдыққаны үшін азап шегуі мүмкін.

Қорқыныш ауруға , өткізілетін диагностикалық процедураларға немесе емге жауап реакциясы болуы мүмкін.

 Дәрігер , мазасыздықтың түрлі « қырларын » анықтай алуы қажет . Себебі , мазасыздык көбiне анық , ашық көрінбей , түрлі аурулар астында « бүркемеленіп , түрленіп » көрінедi .

Кей кездерi мазасыздык белгілі - бір әрекеттер астарында жасырынады . Мәселен , үстел үстiн қаламмен , я саусақпен ұрғылай беру, түймені айналдыру  т.б. Мазасыздык және түрлі эмоциялар астарында да жатуы мүмкін ашуланшақтық , өшпенділік , тынымсыздық және т.б. мазасыздық шақырып тұрған жағдайға деген реакция болуы мүмкін . Кейбір пациенттер қобалжыған сәттерінде , адамдарды қағытып , кекетiп сөйлейтiндiктерiн , дұрыс тiл табыса алмайтындықтарын айтады . Ал , кейбіреулерi , керiсiнше ,көп сөйлемей , үнсіз болады .

 Көп сөйлеу - мазасыздықтың тағы бiр жасырын түрі . Осылайша , пациенттер мазасыздығын жасырып қалуға тырысады .

 Үзiлiссiз көп сөйлеу - қорғанудың бiр түрi , сондықтан дәрігер пациенттiн сөзiн бөлмей , оның себебiн, мотивін анықтауға тырысуы қажет . Кейбiр пациенттер мазасыздыгын байкатпауга тырысып , үнемі  дәрігердің сөзін бөле береді . Мұндайда дәрiгер онымен жарысып сөйлеуге тырыспағаны жөн . Науқастың мұндай әрекеті , дәрігер қандай - да бір сұрақ қоюы мүмкін деген қорқыныштан тууы мүмкін . Мұндайда науқастан өзiнiң қалай әрекет етiп отырғанын біле ме екен , соны ашық сұрау да көмектеседі.

Қорқынышы бар науқастарымен жұмыс жасауда , дәрігерге науқастың мұндай мiнез – кұлық көрсету аркылы қандай пайда көздеп отырғанын анықтап алу өте маңызды ( отбасында , жұмысында немесе т.б. жағдайларда ) . Мұны түсіну үшін науқас проблемасын кеңiнен қарастыру қажет фобиясы бар науқаспен жұмыс жасауда , онын қорынышы дәрігерге берілуі мүмкін . Яғни дәрігерді де мазасыздық билеуi мүмкiн . Қорқыныштарды түзету үшiн дәрігердің өзін - өзі бақылап отыру , мұкият болуы кажет.

 Пациенттің қорқынышын төмендетудегі коммуникацияның маңызы қандай ? Дұрыс құрылған коммуникация пациенттердiң  қорқынышын азайта алады .

 1.Эмпатикалық ( дәрігер пациенттi мұқият тыңдайды , асықпайды , пациентке кызығушылық танытып кеңес береді , кері қатынасын ұстанады және сұрак қоюга мүмкiндiк бередi ) ;

2.Орталыққа дәлденген пациенттер ( дәрігер пациентке ықыласын білдіреді , сұрқатнаманы түсiнедi және пациентке онын серіктесi екендiгiн бiлдiредi ) ;

3.Алдын алу ( дәрігер өз сұрақтарын қоймас бұрын , пациенттiң ойын тыңдайды және ол маңызды деп санаған нәрселердiң бәрін айтуына ынталандырады ) ;

 4.Жәрдемдесуші ( дәрігер пациенттiң пiкiрiн сұрайды , пациенттің сұрақтары бар ма , пациент оның түсіндіргенiн қаншалықты ұққаны туралы сұрайды ) .

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (124.1 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club