Арнаулы психология және еңбек психологиясы
Автор: 87472260148 • Сентябрь 15, 2021 • Реферат • 410 Слов (2 Страниц) • 624 Просмотры
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен сокырлардың психологиялық дамуын зёрттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” — зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопснхология медицина ғылымы мен оқу-тәрбие істерін зерттейтін пән-педагогика мен жан дуниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. бұл салалардың әркайсысының өзіндік ерекшеліктері-нен бірге бірімен-бірі байланысты болып келетін мынадай тармақтары бар. инженерлік психолоеия — бұл. негізінен, автоматталған жүйелерді басқару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді.
Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “ергон” — жұмыс және “номос” — заң дегел екі сөзінің бірігуі нэтижесінде пайда болған Бұл орайда. өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мэселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері,
...