Аналитикалық форма және аналитикалық етістіктер
Автор: Erhankasymov03 • Ноябрь 1, 2022 • Контрольная работа • 1,910 Слов (8 Страниц) • 329 Просмотры
№3 СӨЖ (Үй жұмысы) тақырыбы: Аналитикалық форма және аналитикалық етістіктер
Аналитикалық форматтар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форматтардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы.
Көсемше формаларының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау.
Мәтіндегі сөздердің морфологиялық құрылымына талдау жасаңыз. Сөздердің грамматикалық және лексикалық мағынасын ажыратыңыз, айырмашылығын анықтаңыз. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бір-бірімен байланысын көрсетіңіз.
Бағалау критерийлері
Мәтіндегі аналитикалық формалардың жасалуын сыни тұрғыдан талдай алады – 20 балл
Аналитикалык форманттардың кұрамын анықтай алады – 20 балл
Аналитикалык форманттардың өзіне тән мағынасы мен қосалқы реңктерін ажырата алады -30 балл
Аналитикалық формалы етістіктер мен күрделі етістіктердің айырмашылығын көрсете алады – 30 балл
І нұсқа
Бәйгеторының әрбір сәт сайын өзгеріп, құбылып отыратын ішкі сезім-күйлеріне де қаламгер мән береді. Тұлпардың тірі адамдай күйінетін, сүйінетін сәттеріне, тығырыққа тіреліп, тыным таппай, өзіне сүйеніш, тірек іздейтін тұстарына келгенде жазушы жаңа суреткерлік өрнектер табады.
Аттың ақылы, көрегендігі, айла-әдістері, ұзақ жылғы, бітпейтін бәйгеден бағамдап, түйгені, бір сөзбен айтқанда Бәйгеторы бастан кешкен аламан тартыс, тұлпардың тағдыры көз алдымызға келеді. Осының барлығы тұлпардың өз ойы, өз түйсігі, өз сезімі арқылы баяндалып отырады.
ІІ нұсқа
Сейіс бабын бұрыңғыдан да жақсартты. Қазір қаңбақтай қалқиды.
Бәйге жолында баяғысындай жақсы шабатынына машықтанып емес, қасындағы аттарға ерегісіп тақымы қызатын боп жүр. Бұны тақымдайтын жүйріктер де көбейіп келеді. Барған сайын бұның да іші тарынып, бәйге төбеде маңына ат жуыса, құлақ шекеден ауызды салғысы кеп, зығырданы қайнап тұрады.
ІІІ нұсқа
Әдеби туынды-адам санасының жемісі. Барша танымдық құбылыс, сияқты әдебиет қоғамдық өмірдің нақты көрінісін, қоғамдық әрекеттің болмысын суреттейді. Әдебиет-ерекше көркемдік танымның жемісі.
Әдебиеттің мән-маңызы әлеуметтік шындықты таныту арқылы қоғамға, адамзатқа қызмет ету арқылы айқындалады. Әдебиет қоғамның, адамнаң, өмір-тіршіліктің сырын терең ұғуға, көзқарас-танымының қалыптасуына ықпал етеді.
ІV нұсқа
Әдеби туынды бірбірінен өзіне ғана тән айырықша көркемдік әлемімен, мазмұнымен және сол мазмұнды бейнелейтін пішінімен дараланады. Өмірдің тұтас көрінісін, адамдар мен оқиғалардың, ойсезімдердің күрделі байланысын көркемдікке ұластыру әр түрлі бейнелеу құралдары арқылы жүзеге асады. Жазу машығына байланысты әрбір жазушының көркемдегіш құралдары өзінше дара болады. Дегенмен де, барлық суреткерге тән ортақ жайттар да бар. Алдымен, ол ортақтық – тілден байқалады.
V нұсқа
Шерхан Мұртаза – сөз асылын тере білген, көркем сөз шебері. Ана тілінің бар дәмдісін сіңіріп, қаламына серік ете білген. Тегінде, мақал-мәтелдер – бүтін бір халықтың болмыс-бітімін, қадір-қасиетін, әдет-ғұрпын көрсететін таптырмас құрал. Қазақтың мақал-мәтелдерінде асқан тәлім-тәрбие мен өнеге, ізгілік, парасаттылық, көрегенділік жатыр. Өйткені олар біздің тіліміздің байлығын, күш-қуатын, өміршеңдігін көрсетеді.
VІ нұсқа
Автор романның «Ай мен Айша» аталуының себебін қиын қыстау замандағы, соғыс жылдарындағы өзінің анасымен, жесірлік зардабын тартқан қазақ әйелдерінің тағдырының ұқсастығымен байланыстырады. Гейненің ай туралы сонетінде айдың күнге ынтызарлығы, күннің айға ғашықтығы, аспан төңірегіндегі сан мыңдаған жұлдыздар-олардың балалары, күндердің бір күнінде екеуінің арасынан қара мысық өтіп, күн шықса ай бататындығы, ай шықса күн ұясына кіріп кетендігі суреттеледі. Сол секілді, ерлері майданға кетіп оралмай, шиттей бала шағасымен қалған әйелдің еріне жете алмауымен философиялық байланыс орнайды.
...