Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоршаған ортаны қорғау – өндіріс қалдықтары , ағынды сулар және ауаның ластануы

Автор:   •  Май 1, 2019  •  Курсовая работа  •  4,632 Слов (19 Страниц)  •  900 Просмотры

Страница 1 из 19

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Әдеби шолу...................................................................................................2  

2. Технологиялық бөлім...............................................................................................9

2.1 Өндірілетін шикізат пен дайын өнімдер ассортименті және сипаттамасы ........................................................................................................................................9

2.2 Қондырғының технологиялық схемасын таңдау және негіздеу .....................10

2.3 Қондырғының технологиялық схемасының анықтамасы.................................11

3. Қоршаған ортаны қорғау – өндіріс қалдықтары , ағынды сулар                         және ауаның ластануы................................................................................................13

4. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері .........................................................15

   Қортынды..................................................................................................................20

   Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................21

КІРІСПЕ

         Абсобция – сұйық сіңіргіш (абсорбент) пен газды қоспаның құрамындағы компонеттерді селективті сіңіру процесі. Абсорберде компонет газды фазадан сұйық фазаға өтеді.

         Абсорбция процесі химиялық , мұнайхимиялық , фармацевтикалық , технологиялық процестердің негізін құрайды. Абсорбция бинарлы және көпкомпонетті газ қоспалардан компонеттерді сұйықпен , яғни абсорбентпен сіңіріп алу жолымен өтетін процес. Абсорбция процесі екіге бөлінеді : химиялық абсорбция (хемосорбция) және физикалық абсорбция . Химиялық абсорбция кезінде абсорберленетін компонет сұйық фазада химиялық байланыс түрінде байланысады. Химиялық өзара әсерлесу , яғни сіңірілетін зат пен сорбентің әсерлесуі жүреді . Ал физикалық абсорбция кезінде газ бен сұйықтың еруі химиялық реакциямен жүрмейді.

           Бұл курстық жобада этанол буларын сумен сіңіру мен арналған абсорбция процесінің қолданылуы қарастырылады , яғни абсорбция процесі этанол алу өндірісінде негізгі процестердің бірі болып табылады.

           Абсорбция процесі қайтымды болғандықтан ол сұйықтардағы газ ертінділерін алумен қатар газ қоспаларын бөлу үшін де қолданылады . Бұл кезде газ қоспасынан бір немесе бірнеше компонеттерін сіңіруді абсорбенттен  сіңірілген компонеттерді бөлуді, яғни десорбцияны жүргізу қажет. Сіңірілген компонетті бөліп алу процесі – десорбция деп аталады . Бұл процес газдарды тазалауда кеңінен қолданылады және оның бірнеше сабептері бар . Соның ішінде курстық жобаның тақырыбына сай , шығарылған газдардан көбіне бағалы заттардың жоғалуының алдын алуда қолданылатын абсорбция процесі.Абсорбциялық процестер химиялық өндірісте кеңінен қолданылады : газдың сұйықтықта сіңірілуде ; дайын өнім алуда ; бір немесе бірнеше бағалы компонетті қоспалардың газ қоспасынан бөлінуі ; газдарды қауіпті компонеттерден тазалауда .

               Берілген курстық жобаның мақсаты : бір немесе бірнеше компонетті қоспалардың газ қоспаларынан бағалы заттарды бөліп алу . Газ қоспасының бағалы заттарды сіңіріп алу оны ары қарай өндірісте қолдану үшін қажет.

  1. Әдеби шолу

   Абсорбция абсорбент көмегімен газ немесе бу – газ қоспаларынан газдар немесе буларды сіңіру процесі . Қәзіргі уақытта өндірісте абсорбция процестерін ең алдымен газ қоспаларының бағалы компонеттерді бөліп алу үшін немесе бұл қоспаларды зиянды заттардан тазарту үшін қолданады.

      Абсорбциялық процестер химиялық технологияда кең таралған және бірқатар маңызды өндірістердің негізгі технологиялық сатысы болып табылады . Сондай маңызды процестің бір акрилонитрил  өндірісіндегі реакциялық газдарда ацетонитрилды бөліп алу кезінде де абсорбциялау процесі кең қолданыста . Сонымен қатар , абсорбциялық процестер атмосфераға шығарылатын газдарды зиянды қоспалардан саниториялық тазарту кезінде (мысалы , газдарды фторлы қосылыстардан тазарту , өндірісте қолданылатын минералды қосылыстардан тазарту , т.б ) қолданылатын негізгі процесс болып табылады .

...

Скачать:   txt (50.9 Kb)   pdf (297.5 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club