«Қазақстанның қазіргі заман тарихына» кіріспе СОӨЖ жұмысы
Автор: 855555 • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 457 Слов (2 Страниц) • 556 Просмотры
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тақырып 1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихына» кіріспе СОӨЖ жұмысы
«Туған жерімнің тарихы» тақырыбында қысқаша эссе жазу
Айбат Кәусар ПиП-21
Туған жерімнің тарихы
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Ұлытау жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда.
Иә, тарихи тамыры тереңге кететін қазақ халқының көне ордасы Ұлытау жайлы тебіренбей сөз қозғау мүмкін емес. Ұлытау - ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі. Кешегі Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан еншісін бөліп, жүректерінде жауынгерлік жалын әлі де болса өше қоймаған елін ертіп, Ұлытауды бетке алып жөңкіле көшуінде жүрегіңді соғысынан жаңылдырып, сай-сүйегіңді сырқыратар терең сыр, күрделі құпия жатыр. Бұл – кейбіреулер айтып та, жазып та жүргендей тек қана ағайын арасындағы алауыздықтан туындаған құбылыс емес. Бұл – тарих тұғырындағы туы жығылған Алтын Орданың түтінін аңсау, бұл – ежелгі ескі жұрттың жұрнағын сағыну, бұл – дүниенің тең жартысын құзырына қаратқан кешегі кемел мемлекеттің киесін қастерлеу. Қазақ мемлекеттігінің алғашқы қалыптасу кезеңі де осы өңірмен тығыз ұштасып жатыр. Барлық қазақ хандарының түпкі аталарының бірі Жошы хан да ұлысын осы аймақта құрғаны белгілі. Тарихшылардың айтуынша, Ақ Орданың орталығы да Ұлытауда болған көрінеді. Соның көрінісіндей, Кеңгір өзенінің жағасында осыдан 8 ғасыр бұрын бой көтеріп, барлық кескін-келбетін сақтаған Жошыхан кесенесі асқақтайды. Жанында көне орталық Ордабазар қаласының орны жатыр. Керей мен Жәнібектің Жошыдан тарайтын Орыс ханның ұрпақтары екенін еске алар болсақ, Қазақ хандығының қаз тұрып, қалыптасуын да Алтын орда мен Ақ орда заманынан жеке-дара алып қарау қисынсыз болар. Керей мен Жәнібектің талай жыл Дешті қыпшақты билеген Әбілқайыр ұлысынан жеке шығып, қайта орда құруы қазақ
...