Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в “№15 колледж”

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Отчет по практике  •  3,891 Слов (16 Страниц)  •  1,029 Просмотры

Страница 1 из 16

ЖОСПАР:

1. Кіріспе

2. О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК жалпы тарихы

3. О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК оқу жұмысы

4. О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК тәрбие жұмысы

5. О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж”МКҚК кәсіптік бағдар беру жұмысы

6. Қорытынды

7. Қосымшалар

Кіріспе

Ақпан айының 30-нан сәуір айының 21-і аралығында да О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК тәжірибе өтілді. Бұл педагогикалық тәжірибе кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігі және студенттердің өз бетінше кәсіптік іс-әрекетке дайындығының кезеңінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде түрлі оқу сабақтарына қатысу, өткізу, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын жүргізу, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу, есепке қатысты және диплом жұмысына қатысты материалдарды жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді.

Тәжирибе мақсаты студенттерді өз бетінше педагогикалық іс-әрекетке түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіптік-педагогикалық білімдер мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білуге жан-жақты дайындау болып табылады. Ал тәжірибе міндеттеріне келетін болсақ:

* педагогикалық іс-әрекет жасауда дайындықтарын жүргізу;

* түрлі формадағы оқу сабақтарды мен әр түрлі типтегі сабақтарды, яғни тәрбие сабақтарын педагогикалық және арнайы пәндер бойынша алған білімдері негізінде жүргізу, өту;

* университетте алған педагогикалық және арнайы білімдер жүйесін бекіту;

* сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуде сынып жетекшісі қызметімен танысу, жүргізу;

* кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығымызды дамыту және бекіту;

* О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу біліктерін дамыту.

Педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтеді. Тәжірибені өту барысында бізде, яғни студенттерде кәсіптік-педагогикалық білімдер, біліктер мен дағдылар қалыптасады, осының арқасында педагогикалық қабілеттері дамиды.

О.Қ.О білім басқармасы “№15 колледж” МКҚК жалпы сипаттамасы,                          тарихы

        “№15 колледж” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны-жеке шаруашылықтарға фермер, инженер-механиктер және аспазшы, тігін өндірісін реттеуші мамандарды дайындауда аудан деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім берудегі жоғары мекеме.

Мақтарал ауданы,Асықата кентіндегі «№15 колледждің»МКҚК                   58 жылдық тарихы бар. Алғаш 1959 жылы 11-ші желтоқсанда  №123-ші қысқа мерзімді механизаторлар училишесі болып ашылды.

1965 жылы №92 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілген.

1976 жылы №28 орта кәсіптік- техникалық училище болып құрылған  және бұрынғы Киров поселкесі қазіргі Асықата кентіне көшірілді.

19 тамыз 1996 жылы №15 орта кәсіптік- техникалық мектебі етіліп, кәсіптік мектеп жүйесіне ауыстырылды.

2 мамыр 2002 жылғы « №15 кәсіптік мектеп» болып өзгерді.

21 қаңтар 2008 жылы  «№15 кәсіптік лицей» МКҚК болып қайта ұйымдастырылды.

24 желтоқсан 2012 жылы «№15 колледж»  МКҚК  болып қайта аталынды.

2016 – 2017 оқу жылындағы мамандықтар бойынша білім алушылар контингенті төмендегідей:

Қ/с

Мамандық коды

Мамандық атауы

Облыстық бюджет

1

1504000

Фермер шаруашылығы

72

2

1211000

Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

92

3

1201000

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

148

4

1403000

Ішкі санитарлық техникалық қондырғыларын желдету, инженерлік жүйелерін жинақтау және пайдалану

100

5

1304000

Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

24

6

1504042

Аспазшы

25

                               Барлығы

462

Колледж контингенті 462 білім алушыны құрайды.

Штат бойынша директордың орынбасарлары -4. Олар лауазымдақ қызметіне сәйкес қызмет атқаруда.

...

Скачать:   txt (51.8 Kb)   pdf (670.1 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club