Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нұрлы көш бағдарламасын талдау

Автор:   •  Апрель 17, 2021  •  Анализ учебного пособия  •  1,237 Слов (5 Страниц)  •  704 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]


     1- тапсырма Нұрлы көш бағдарламасын талдау.

    2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы қабылданған болатын.

    Бұл бағдарламаны әзірлегендер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

    Елбасымыздың ұстанған осы сара саясаты мезгіл тоқырауға бет алған қазақ көшіне жаңа серпін беріп,талай жанның санасына сәуле шашты. Елбасы Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы Жолдауында: «Тарихи атажұртына көшіп келу үшін қандастарымызға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек», - деп Көші-қон комитетіне нақты тапсырмалар берген болатын. Осымен бірге үкіметтің алдына жаңа міндет қойып, «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асуына мұрындық болып еді.

    Негізгі мақсаты: Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.

Міндеттерін айта кететін болсам: Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

     Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктеріне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру;Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу және іске асыру;тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;көші-қон процестерін реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

      Бағдарламаның іске асырылу мермізімі 2009-2011 жылдар болды.

      Бағдарлама бойынша қатысушыларды қоныстандыру аймақтары есептелінді,яғни 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік,Оңтүстік,Орталық аумақтар негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болды. ұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму аймағы бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік аймақ бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық аймақ бойынша - 77,7 мың адамды құрайды.

       Және де әлеуметтік көмек көрсетті,яғни бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау құқығына ие болады.Олар:экономиканың белгілі бір секторында тиісті білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар оралмандарды көшіп келу квотасына басымдықпен енгізуді; бейімдеу қызметтерін тегін көрсетуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен); еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін кәсіптік даярлау және қайта даярлауды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен); тұрақты тұруға рұқсат беруді және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қамтитын болады.

 Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.

     Және де айтарлықтар мәселелер туындап,бағдарламаның әлсіздігі де көрінді,яғни келіп жатқан жəне «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысуға тілек білдірген қандастарымыздың көпшілігінде ұсынылған жоғары жалақылы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін қажетті мамандығы мен біліктілігі аз болды. Екінші жағынан жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны əзірлеу жəне жобаларды іске асыруға өтінім берген кезде, өздері мəлімдеген жұмыс орындарының жеткілікті санын ашу мен талап етілген сапасын қамтамасыз ете алмады. Мысалға, 2010 жылы басталған Ақтөбе облысындағы пилоттық жоба бойынша салынған 300 пəтердің 271 пəтеріне немесе 90%-на ешкім қоныстанбаған.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (521.7 Kb)   docx (263.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club