Мұғалімдік қызметті таңдауымның дұрыстығын анықтайтын менің тұлғалық қасиеттерім
Автор: zarinaasyl • Сентябрь 17, 2020 • Реферат • 474 Слов (2 Страниц) • 2,253 Просмотры
«Мұғалімдік қызметті таңдауымның дұрыстығын анықтайтын менің тұлғалық қасиеттерім»
Мұғалім болу, баланы оқыту, тәрбиелеу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ұстаздық ол ең керемет жұмыс деп санаймын. Себебі, қолында қаламы мен қағазы бар талапты шәкіртке өз біліміңмен қоса мейріміңді, өмірден алған тәжірибеңді, ақ жүрегіңді ашып жан тәніңмен «осы бала жақсы оқып, дарынды болсыншы», деп уайымдайды. Міне мен осы себептен ұстаз болып білгенімді үйреткім келеді. Менің ойымша ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын,алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне, жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», демекші қазіргі болып жатқан эпидемияға қарамастан олар оқушыларды,студенттерді білім нәрімен сусындатып жатыр.Білім берудің жолын тауып, бізді білікті де білімді маман қылып шығару үшін барын салып, тырысып, қолдарының келгенше жұмыс жасап жатып. . Осындай ұстаздарымызбен мақтануымыз және құрметтеуіміз керепіз. Білім минстері Асхат Айтмағанбетов «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойып, жұмыс жасап жатыр. Заңда, біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Бұдан басқа, ілеспе заңда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбасылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған.Міне, осылай біз ұстаздарымыздың мәребесін көтеріп, құрметтесек,онда ол кісілердің де бізге деген үміті артып, білімнің шыңына шығарары сөзсіз. Ғалымда,шахтёрда ұстаз алдынан өткен. Ислам діні де Мұхаммед пайғамбарымыздың ұстаздылығымен және ұлылығымен ел арасына тараған болатын. Сондай-ақ қазақтар арасынан ең алғаш мектеп ашып, балаларға білім берген педагог Ы.Алтынсарин болатын. Және де қазақтардың өзіндік әліпбиін шығарған көрнекті ағартушы,ғалым А.Байтұрсынов. Міне осындай пайғамбардан бері келе жатқан ұстаздықты өзімізге сіңіріп, осы жолмен жүріп келер ұрпаққа кемел ұстаз болуымыз қажет.
...