Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мамандық таңдау-өз қолымда

Автор:   •  Февраль 21, 2019  •  Статья  •  404 Слов (2 Страниц)  •  744 Просмотры

Страница 1 из 2

Мамандық таңдау-өз қолымда

  Әрдайым әр күніме шүкіршілік етіп отырамын. Мен ғана емес басқа адамдар да солай істейтін шығар. Біз өте бақытты ұрпақпыз. Мен өзім Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма қатты қуанамын.

      Менің елім күннен күнге, айдан айға жылдан жылға көркейіп келеді. Бұл бірінші біздің елбасымыздың және халқымыздың арқасы. Әр азамат өз елі үшін еңбек етсе бұдан асқан еліне деген құрмет пен сүйінпеншілік жоқ деп есептеймін. Әр баланы жастайынан бастап, елін, жерін қастерлеуге, халқын сүюге баулып, тәрбиелеуіміз қажет.

    Мен мектепте мұғалім болып қызмет етемін. Жас маманмын. Мен үшін алдымдағы жас жеткіншекке тек қана білім беріп қоймай, оларға саналы тәлім-тәрбие беру маңызды.

   Мұғалім болу ол осы мамандықты жан-тәнімен жақсы көріп қана қоймау керек. Әр маман иесінің қызметімен таныс, жан-жақты адам болу керек. Болашақ ұрпаққа өмірде өз орнын табуға ықпал ету, әр баланың ішіндегі ешкім білмейтін қасиетін анықтап, сол қасиетті сырқа шығарып, болашақта нағыз тұлға болатындай тәрбиелеп, білім беру біздің қолымызда деп есептеймін.

   Мамандық таңдауда қателеспеу керек. Мамандық таңдағанда өзіңе жақын, сол жұмысты сүйіп істейтін маман иесі болу керек. Міне, жаңартылған білім беру мазмұны балаға болашақта алған білімін өмірде қолданаға білуге үйретеді. Осы бағдарлама енгізгелі біз мұғалімдер өзімізді де, оқушыларымызды да басқа қырынан танып, көріп жатырмыз. Әр сабақ қызықты өткен сайын, оқушылардың білімге деген құштарлығы оянып, өздерін жан-жақты көрсетіп жатыр. Білім деңгейлері де әртүрлі оқушылар болады. Бірақ осы бағдарламада  оқушылардың бірдей білім деңгейіне көтерілуге мүмкіндігі жоғары. Әр оқушы өз қатесімен жұмыс жасау арқылы, жоғары нәтижеге жете алады. Өзінің нақты қай деңгейде тұрғанын біле алады.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (58.9 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club