Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына түсінік беріңіздер

Автор:   •  Апрель 18, 2026  •  Лекция  •  3,196 Слов (13 Страниц)  •  13 Просмотры

Страница 1 из 13

3 дәріс

1. «Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына түсінік беріңіздер.

Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, қоғамға қатынасы.

Жеке тұлғаның маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Даралық бір адамның басқа адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екендігін сипаттайды.

Индивид – тұқымқуалаушылық қасиеттері жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып, оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

2. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторларын атап беріңіздер.

Жеке тұлғаның қалыптасуына 3 фактор әсер етеді

Тұқымқуалаушылық:
Жалпы азаматтық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер)
Даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер)

Қоршаған орта:
Макро (қоғам, мемлекет, экономика, мәдениет)
Микро (үй, отбасы, жақын адамдар)

Тәрбие – белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.)

3. Тұлғаны әлеуметтендіру дегеніміз не?

Педагогика ғылымы контексінде қарастырылған әлеуметтену, тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу үшін кем дегенде үш параметрді бөліп көрсетеді:

Біріншіден ол мақсатты анықтау  параметрі. Тәрбие мақсатын жаңа тұрғыда қалыптасуы адамның өзін-өзі анықтауына деген көзқарасты мектеп пен ата-аналар ғана емес, әлеуметтік мәдени, рухани орта, яғни индивидке нақты әсер ететін орныққан қатынастың тәрбиелейтінін сезіну арқылы адамның өзінің күшін, қабілетін қоғам талабына сәйкес өзіндік реттеуін болжайды.

Екінші параметр, әлеуметтенудің педагогикалық құбылыс ретінде тұлғаның жаңа мазмұнда дамыту аймағындағы бүгінгі ізденістермен байланыстылығы.

Үшінші параметр, әлеуметтенудің педагогикалық мәнінің индивидтік әлеуметтік тәжірибені игерудің нәтижелі тәсілдерін іздестірумен анықтау.

4. Тұлғаны әлеуметтендіру институттарын атап беріңіздер.

Әлеуметтік институт – адамдардың өзара бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формасы.

Әлеуметтік институттары адамды норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін, әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы нақты топтар бар, оларды атап өтсек:

  • отбасы;
  • балабақша;
  • мектеп;
  • колледж;
  • еңбек ұжымдары;
  • жоғары оқу орындары;
  • бұқаралық ақпарат құралдары;
  • әлеуметтік топтар;
  • қоғамдық ұйымдар;
  • интернет желісі;
  • микроорта.

5. Эмоционалдық интеллект дегеніміз не?

Эмоционалдық интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі.

Ғылымға “эмоцияналдық интелект” терминін американдық екі психолог П. Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Аталған авторлар эмоцияналдық интеллект деп адамның “өзінің және өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты ойлау мен іс-әрекетте қолдану” деп түсіндіреді.

П. Саловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде 1995 жылы Д. Гоулмен аса танымал үлгісін жасап шығарды. “Эмоциялық интеллект” атты еңбегі кітап сатылымында бірінші орындарда болды. Сэловей мен Мэйер бөліп шығарған компоненттерге ынталылық, табандылық және әлеуметтік дағдыларды қосты.

...

Скачать:   txt (46.9 Kb)   pdf (223.6 Kb)   docx (333.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club