Қашаған Күржіманұлы
Автор: alua_aluashka • Январь 7, 2019 • Реферат • 566 Слов (3 Страниц) • 1,139 Просмотры
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қашаған Күржіманұлы»
Орындаған:
Тексерген:
, 2018ж.
[pic 1] Қашаған Күржіманұлы
1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған. Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.
- Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқметін тартқан. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған.
- Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.
- Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланды.
- «Есқали сұлыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін, оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді. Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті» деген жерге келеді.
- Ақын Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі!, «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.
- Қашаған - І.Жансүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі.
- Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.
- Қашаған есімі Қазақстан ғана емес, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріне, Ресейдің бірқатар өңірлеріне де кеңінен таныс.
- Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.
Шығармашылығы
Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны») дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген. Қашаған ақын Абыл, Нұрым, Марабай мен Мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Кейбір толғаулары алғаш «Әдебиет майданы»(1935ж.) журналында жарияланған. Өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942ж.), Қ.Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974ж.), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті.XIII-XIX ғ.ғ.» (1981ж.) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988ж.) деген зерттеулер жинағында қарастырылған.
...