Қазақ әдебиеті
Автор: Гульназ Темирбай • Февраль 15, 2021 • Тест • 4,155 Слов (17 Страниц) • 584 Просмотры
Қазақ әдебиеті
І нұсқа
1. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет...» деген сөздердің авторын белгілеңіз.
A) Қаз дауысты Қазыбек B) Байдалы шешен C) Бөлтірік шешен. D) Төле би E) Әйтеке би
2. Шалкиіз жыраудың «Қоғалы көлдер, құм сулар» толғауының не жайында екендігін анықтаңыз.
A) Билердің әділетсіздігі. B) Еспембеттің ерлігі. C) Өмірдің өткінші екендігі.
D) Тіл мәселесі. E) Ер балалардың тәрбиесі.
3. Д.Исабековтің ″Дермене″ деп аталатын повесі бар, сол сөздің мағынасын анықтаңыз.
A) Жусанның дәрі жасайтын бір түрі. B) Дәрінің аты. C) Зоршылдық, өктемдік деген сөз.
D) Күркенің төрт бұрышына қағатын ағаш. E) Қурайдың аты.
4. Қазтуған жырларының арқауы не екендігін көрсетіңіз.
A) Өнер түрлері. B) Дін мәселесі. C) Оқу-ағарту. D) Туған елі. E) Жастардың өмірі.
5. "Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан,
Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай".
Үзінді Жамбылдың қай айтысынан алынғанын анықтаңыз.
A) Бақтыбаймен айтысы. B) Сарбаспен айтысы. C) Құлмамбетпен айтысы.
D) Шашубаймен айтысы. E) Досмағамбетпен айтысы.
6. Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңінде жасаған ақындық ой қорытындысын табыңыз.
A) «Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем»
B) «О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен»
C) «Ұмыт болып қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім»
D) «Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам»
E) «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы»
7. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып, шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.
A) Шекарашыларға берілді. B) Ауылдағы адамдарға жолықты. C) Отырып тамақ ішті.
D) Ата-бабалар зиратына құран оқыды. E) Жер ананы құшақтап сүйе берді.
8. Мына шығармалардың қайсысы Бұқар жыраудікі екендігін табыңыз.
A) “Мұнар күн” .B) “Атам болған жиырма бес”.C) “Арғымаққа оқ тиді”
D) “Асқар таудың өлгені”. E) “Екі жақсы қас болмас”
9. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
A) «Құтты білік». B) «Диуани хикмат». C) «Диуани лұғат ат-түрк».
D) «Хибатул-хақайық». E) «Қисса-сул әнбия».
10. Мына өлең жолдары Ақан серінің қай туындысынан алынғанын белгілеңіз.
Басына ер жігіттің бір іс түссе,
Арасы қас пен достың абайланар.
A) ’’Сырымбет’’. B) ’’Асыл мен жасық’’.C) ’’Жақсы мен жаман’’.D) ’’Балқадиша’’. E) ’’Заман адамы’’.
11. Ақан оқыған медресені көрсетіңіз.
A) “Уазифа”. B) “Медресе-Ғалия”.C) “Ахмет-Риза”.D) “Ахун-Рахманқұлы” медресесі . E) “Уәли” медресесі
12. Малайсары би Сырыммен қоштасарында: «Есіңе салар үш сөзім бар: «обал, сауап, борыш». Осы үш сөз есіңде болса, елің жаныңнан кетпес, елің барда басқа дұшпан басыңа теппес»,- деген екен. Үзіндідегі шешендік сөз түрін табыңыз.
A) Шешендік өсиет.B) Шешендік сын.C) Шешендік нақыл.
D) Шешендік жұмбақ. E) Шешендік дау.
13. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.
A) Жиренше. B) Асан қайғы. C) Қожанасыр. D) Ер Төстік. E) Алдар Көсе.
14. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Қасым хан. B) Абылай хан. C) Жәңгір хан. D) Есім хан. E) Тәуке хан.
15. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады …» - деген пікірдің иесін табыңыз.
...