Қазақ әдебиеті
Автор: dilnaz071103 • Октябрь 2, 2021 • Реферат • 4,919 Слов (20 Страниц) • 358 Просмотры
КІРІСПЕ
1.Қазақ әдебиеті – әлемдегі бай әдебиеттердің бірі. Оның үлкен бір саласы –ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиетінің түрлері көп. Олар: батырлар жыры(эпостық жырлар), ертегілер,тұрмыс-салт жыры, ғашықтар туралы жырлар (лиро-эпостық жырлар), аңыз әңгімелер, мақыл-мәтелдер, жұмбақтар,ақындар айтысы және т.б.
1) Әлемдегі бай әдебиеттердің бірі
Қазақ әдебиеті
2) Қазақ әдебиетінің ең үлкен саласы
Ауыз әдебиеті
3) Ауыз әдебиетінің түрлері
батырлар жыры(эпостық жырлар), ертегілер,тұрмыс-салт жыры, ғашықтар туралы жырлар (лиро-эпостық жырлар), аңыз әңгімелер, мақыл-мәтелдер, жұмбақтар,ақындар айтысы
2. Қазақ ауыз әдебиеті - халық өмірінің көркем шежіресі.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің бір түрі батырлар жырында елді жаудан қорғау мәселесі айтылады. Елді жаудан қорғаған батырлардың ерлігі жырланады.
«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» «Ер Тарғын»,
«Қамбар батыр», және т.б. эпостарда қалмақ шапқыншылығына қарсы күрес суреттеледі. Батырлар жырларынан ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау,кішіге қамқорлық ету секілді қазақ халқының ерекше қасиеттерін көреміз.
1) Халық өмірінің көркем шежіресі
Қазақ ауыз әдебиеті
2) Батырлар жырында қандай мәселе айтылады
Елді жаудан қорғау
3) Батырлар жырында кімдерге қарсы күрес суреттеледі
Қалмақ шапқыншылығына
4) Батырлар жырынан қазақ халқының қандай қасиеттерін көруге болады
ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау,кішіге қамқорлық ету
3.Қазақ ертегілері де қызықты оқиғаларға құрылады. Оларда жауыздыққа қарсы әділдік,жамандыққа қарсы жақсылық, қастыққа қарсы достық күресі суреттеледі де, жақсы қасиеттер үнемі жеңіп отырады. Сондықтан ұнамды кейіпкерлер әрқашан барлық кедергілерді жеңіп, мақсаттарына жетеді. Ертегілердегі арман-қиялдардан туған идеялар қазір ғылым мен техника дамуында жүзеге асып отыр.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері де осындай жақсылық жасау, еңбекті сүю, ақылды, білімді болу, ел бірлігін сақтау, сияқты ізгі идеяларды көтереді, сондай – ақ жаманшылықтан,жауыздықтан,жалқаулықтан,білімсіздіктен,алауыз болудан жирендіреді.
1) Қазақ ертегілері неден құралады
Қызықты оқиғадан
2) Жауыздыққа қарсы не суреттеледі
әділдік
3) Жамандыққа қарсы
жақсылық
4) қастыққа қарсы
достық
5) Ауыз әдебиеті неден жирендіреді
жаманшылықтан,жауыздықтан,жалқаулықтан,білімсіздіктен,алауыз болудан
4.Қазақ фольклорының кейіпкерлері шынайы әрі жанды болып келеді. Фольклор туындылары қашанда адам тәрбиесі,қоғам мәселелерінен тысқары жырланған емес. Мұндағы айтылар ойдың қай-қайсысы болсын , халқын,елін,жерін сүю, еңбек пен ерлікті,өмірді қастерлеу және т.б. ғибратты тәлім – тәрбиемен ұштасып жатады.
Қазақ фольклорында халық тағдыры, олардың өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары,болашақтан күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Қазақ фольклорындағы ұнамды образдар үнемі халықпен бірге. Халық патриотизмін, ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ел қорғау сарындарына негізделген. Ондағы образдар ұлғайтылып, ерекше батырлар,қаһармандар дәрежесінде көтерілген. Мәселен, Қобыланды,Құртқа,Тарғын,Алпамыс , және т.б. жалпы халықтық кейіпкерлер болып ерекше суреттеліп көрсетілген. Олардың іс-әрекеті,арман-мүддесі үнемі халықпен бірге алынып суреттеледі.
...