Тәуелсіздік тұғырым
Автор: Abaiaral • Сентябрь 29, 2024 • Эссе • 273 Слов (2 Страниц) • 50 Просмотры
Тәуелсіздік тұғырым!
Мен көгінде күні күлімдеген көк байрағы желбіреген тәуелсіз елдің азаматымын. Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Есілдің, Арқа мен Алатаудың арасында мекен еткен “қазақ” - денген ұлы елдің ұланымын. Осындай тәуелсіз халықтан перзенті болу мен үшін бір бақыт. Тәуелсіз деген 8 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең. Бұл еркіндік, бейбітшілік, дербестік айта берсең өте көп. Бірақ біз тәуелсіздікке оңай қол жеткізе алдық па? Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырларымыз, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. Бұнымен қоса 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн . Желтоқсан көтерілісінде ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Ләззат Асанова, Сабира Мұхаммеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев секілді өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бүкіл ел сүйегіне таңба түсіп, әділетсіз шешім қабылданып, опасыз саясатқа қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегін біз ұмытпаймыз. Осындай батырларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып сайланды. Онымен қоса өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз жасалды, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі деп жарияланды.
Қазіргі таңда еліміз көркейіп дамып келе жатыр. Оның дәлелі ЭКСПО -2017 көрмесі.Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. “Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл” деген қазақ мақалын ту қылып ұстап Қазақстанды дамыған өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі, білімді болуы керек.
...