Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрсын аға, абайтану ғылымының қазіргі ахуалы қандай

Автор:   •  Декабрь 13, 2018  •  Статья  •  2,395 Слов (10 Страниц)  •  731 Просмотры

Страница 1 из 10

Тұрсын аға, абайтану ғылымының қазіргі ахуалы қандай? Бұрынғы мен қазіргі зерттеу арасында қандай байланыс бар? Абайтанудың қазіргі беталысына көңіліңіз тола ма?

 – Бүгінгі таңдағы абайтану таным жолайрығында тұр. Әрбір торқалы той сайын Абай туралы науқанды түрде көптеген жаңа толқынды зерттеулер, жаңа серпілістер, жаңа тұжырымдық ойлар жасалып жатты. Сондықтан да бір қараған адамға Абайдан көп зерттелген, көп оқылған, көп таралған сөз иесі қазақта жоқ деуге болады. Бұл – заңды да. Шкловскийдің: «Біз әрбір ұлт данасының мерейтойын атап өту арқылы ұлтымыздың өткенін еске аламыз, бүгінін сабақтаймыз, келер күндердің бағытын анықтаймыз», – деген сөзі бар. Менің ойымша, Абай – тура сондай тұлға. Әрбір онжылдық өткен сайын, заманның беті мен асты құбылған сайын, Абай да жаңаша бір түрленіп, төңкеріліп отырады. Өз бағамдауымша, Абайдың 150 жылдығы тұсында, одан кейінгі 10 жылда абайтану ілімінің 100 жылдығына орай үлкен бір тұжырым­дар жасалып, тиянақталды. Соның ең үлкен жетістігі: 1995 жылы шыққан екі томдық және сондағы түсініктемелері деп есептеймін. Бұған сол кездегі Серік Қирабаев, Зәки Ахметов, Қайым Мұхамедханов, Бейсенбай Байғалиев, Жұмағали Смағұлов, Мекемтас Мырзахметов сияқты ғалымдардың барлығы тартылды. Сол басылым – арғы-бергі ойларды түсірген жинақ. Сол жинақта өзім ұсынған екі-үш мәтіндік-пікірлік қорытындылар бар. Қалай болғанда да, абайтануға үлкен бір белестің жақсы бір нүктесі болып қалыптасты. Кейінгі бес-алты жылдан бастап абайтанудың жаңаша беті жаңа бір тосын бағытқа бет алып бара жатқан сияқты. Мәселе ол бағытта емес. Әр ұрпақ өз сө­зін айтады, өзінше түсінеді, өзінше түсіндіреді. Мәселе – сол ұрпақтың Абайды түсінудегі үстірттігінде. Ең бастысы, өзіне дейінгі 100 жыл бойы зерттелген зерттеулер, айтылған пікірлер, ұсыныстар немесе талдаулар ұмыт қалып барады. Яғни абайтану туралы пікір айтатын жаңа ұрпақ өткен мен бүгінді байланыстыра алмай жүр. Әркім өз сөзін өзі сөйлейді, өз пікірін өзі дәлелдейді, өз пікіріне өзі ұсыныс айтады. Басқа шығармашылық иелеріне мұндай пікір жарасуы мүмкін, Абайға жараспайды. Мені алаңдататын үлкен мәселе – осы. Өйткені кім Абайды түсінгісі келмеді дейсің, кім Абайды терең бойлап зерттегісі келмеді дейсің, кім Абай туралы жаңа пікір айтқысы келмеді дейсің?! Және ол айтылған пікірлер тегін пікірлер емес. Біз сол ғалымдардың айтылған пікірлерінің ұшығын ұстап, ары қарай жалғастыруымыз керек. Менің ойымша, Абай туралы Әуезовтен артып зерттеген ешкім болған жоқ, ешкім болмайды да. Мысалға, жадидтік ағым туралы Абай туралы еңбектерінде М.Әуезов айтқан. Сонда: «Шаһабуддин Маржани, Гаспараланы, Каюм Насыри, Ғабдукуді, Ғазалиді айтып, менің бетімді шығыстан бұрып кеткен ақынның бірі еді», – деп пікір түйдіреді. Ол пікірлер неге айтылды? Ол адамдар кімдер? Қандай бағыт ұстанды? Тіпті Ғабдукудің атын қате жазып, Ғабдукуді сынап жүрген абайтанушылар бар. Өзің білмеген нәрсеге қалам тартқаннан кейін, ең болмаса аты-жөнін дұрыс жазуға болады ғой. Осы салада білместіктер бар. Қазір Абайдың кейбір басылымдарын, Абай туралы кейбір естеліктер жинағын, мақалаларды оқысаң, Абайдың өзі айтқан сөздеріне теріс түсініктеме береді. Яғни Абайдың айтқысы келгені осы еді деп оны «бісмілләсіз» айтады. Кезінде шыққан, жарияланып кеткен пікірлерді Абайды жақсы көрсетеміз деп қысқартып, жөндеп, жұмыр­лайды. Бұл – үлкен қылмыс. Өйткені Абайды көзі көрген адамдардың естеліктері, оның айналасындағы тағдыр иелері туралы пікірлер – тарихи және өмірлік шындық. Егер ол шындықтарды боямалап, Абайды сүйкімді етіп көрсетеміз десек, қателескеніміз. Абайдан тағдыр иесін емес, періште шығарудың амалы. Абай бізге пенделік тіршілігіндегі тауқыметті тағдырымен, өзі өмір сүрген етекбасты тіршілігіндегі идеяға көтерілген тұлға ретінде қымбат. Иә, Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» арқылы ақынның идеалды бейнесін жасағысы келді. Ол – көркем шығарма, ол – Әуезовтің Абайы. Өмірдегі Абай бір басқа. Сондықтан да қазіргі жолайрығында тұрған абайтану мәселесінің ең бір қауіпті мәселесі осы деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (30.4 Kb)   pdf (164.9 Kb)   docx (18.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club