Синтетикалық тәсіл
Автор: Asiya1995 • Октябрь 2, 2018 • Курсовая работа • 9,448 Слов (38 Страниц) • 2,061 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Синтетикалық тәсіл
Орындаған: КО-31 тобының студенті
Рышкен Ә.Б.
Тексерген: Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті
Пірімбетов Т.Т
Қарағанды – 2015
Мазмұны
Кіріспе ...............................................................................................................3-5
1. Сөзжасам жүйесінің тәсілдері жайында ..................................................6-20
1.1 Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз таптары................................. 21
1.2 Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған есім сөз таптары....................22-26
1.3 Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер.....................................27
Қорытынды ..................................................................................................28-29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................30
Кіріспе
Әлеуметтік өзгерістер, қоғамдық жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіндігі және де сол қажеттілікті әрқашан қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам мәселесі екені барша жұртқа аян. Тіл болып қалыптасқан кезеңнен бастап бұл мәселе үнемі үздіксіз жан-жақты қарастырылып келе жатыр және соған сай іс-әрекеттер де жасалып жатыр. Осыған байланысты сөзжасам жүйесі үнемі дамып, оның кейбір заңдылықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, толығып қалыптасып отырады.
1991 жылдан бастап сөзжасам жоғарғы оқу орындарының сабақ жоспарына кіріп, осыдан бастап жеке пән ретінде «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінің студенттеріне оқытылып келеді.
Осы пәннің жоғарғы оқу орындарында сабақ жоспарына қосылуы - сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына бірден-бір дәлел. Алайда, осы кезеңге дейін сөзжасам мәселесі мүлде қарастырылмай, оқытылмай келді деген жаңсақ пікірді қабылдамауымыз керек. Бұған дейін сөзжасам жеке пән болып оқытылмай жүрген кезде, ол морфология саласының аясында қарастырылып келіп, морфология пәнімен бірге оқытылып келді. Оған себеп – сөзжасамның тіл білімінің негізгі бір саласы ретінде танылмай келуі. [1,5] Сөзжасам мәселелері ішінен тек сөз таптарына ғана байланысты жағы морфологияда қарастырылды. Ал сөзжасамның басқа да күрделі мәселелері ол кезде оқытылмады, талданбады, қарастырылмады. Олай болуы да заңды еді, себебі сөзжасамның күрделі де шешімі қиындық тудыратын, тіпті дау тудыратын мәселелерінің шешімін табуда морфология саласының дәрмені жетпеді.
Сөзжасам терминіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай деп анықтама берілген: «Сөзжасам тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы [2,740].
Жалпы алғанда, қай ғылым саласы бойынша алып қарасақ та, шет ел, орыс елінің біздерден бір саты алда тұратыны белгілі. Оның ішінде шет ел тіл білімі, орыс тіл білімінің зерттелуі, әрине, біздерден ертерек дамығанын, қай уақытта болмасын біздерден алда болатынын білеміз. Бірақ, басқа салалары бойынша сөзжасам мәселелері бұл елдерде кеш дамыды. Бізбен салыстырмалы түрде алғанда ерте қарастырылды. Тіпті оқу пәні ретінде де оқу жоспарына бізден бұрын енгізілген пән болды. Ал қазақ тіл білімінде сөзжасам жүйесі кенже дамыған салалардың қатарынан орын алды. Ұлттық тіл білімімізде алғаш рет сөзжасам мәселесі жайында ойлар айтылып, өз алдына дербес сала болып қалыптасқан уақыт 1989 жылдың еншісінде. 1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбекте қазақ тіл білімінің дербес салаларының қатарына
3
сөзжасам қосылып, ол ғылыми түрде дәлелденді. [3,26]. Сонымен, сөзжасам – жаңа мағына беретін туынды сөздердің жасалу жүйесі мен мағыналық құрылымын және жасалу тәсілдерін зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. [4,282]
Барлық тілдегі сөзжасам жүйесі сол тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамына жаңа сөздердің келіп қосылуы арқылы байып, толықтырылып отыратын тілдік құбылыс болып табылады. Тілімізде осы мәселені жан-жақты талдап, оны іске асыруда өзіндік үлесін қосатын сөзжасамның заңдылықтары, әдістері, тәсілдері, бірліктері, т.б. ерте замандардан бері пайдаланылып, түрлі өзгерістерден өтіп, толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, дамып, байып, қазіргі қалыпқа түсіп, бір ізге түсірілген тұтас бір жүйе болып отыр. Сол себепті де тілімізде кездесетін жаңа сөздер, жаңа атаулар, жаңа ұғымдар кездейсоқ немесе жайдан жай жасала бермейді. Бұлардың барлығы тілімізде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтар барысында жүзеге асады. Сөзжасам жүйесін оқу барысында біз осы заңдылықтармен, қағидалармен, тұтас алғанда, сөзжасам жүйесін құратын барлық компоненттермен танысып, сөзжасам жүйесі жайында жазылған нақты ғылыми еңбектерден қажетті деректерді аламыз.
...