Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рецензия “Цветы для Элджернона”

Автор:   •  Май 28, 2023  •  Творческая работа  •  466 Слов (2 Страниц)  •  133 Просмотры

Страница 1 из 2

Мусалиева Меруерт

Рецензия “Цветы для Элджернона”

27.05.23

Қоғам ерекше адамды ұнатпайды және ешқашан қабылдамайды. Ақыл есі кем немесе керісінше интеллектуалды ақылды адам болсаңда қоғамнан шеттетілесің. Адамдардың арасында өз орныңды табу үшін солар секілді болуың қажет. Міне осы ащы шыңдықты Дэниэл Киз өзінің “Цветы для Элджернона” атты кітабында ерекше баяндап жазды. Кітаптың басты кейіпкері психикалық кемшілігі бар Чарли Гордон. Қаншалықты өмір оған сынақ берсе де Чарли өмір сүруге деген, білім алып, оқуға деген талпынысын жоғалтқан емес. Қоғамға тәуелді болған әлсіз ата аналарының кесірінен Чарли жастайынан жақындарының қолдауынсыз қалып, жалғыз үлкен ағасының қолында өсіп келе жатқанда ол ағасынан да айырылды. Дегенмен, мына қап қара түнекте оны мейірімді наубайшы өзінің қасына паналатты. Наубайшы Доннер Чарлиге қолынан келгенше көмек беріп, жұмыс істеуге мүмкіндік жасады. Чарли ақыл есі кем жандардың арнайы колледжінде білім алатын, сондағы тағы мейірімді жан ол Мисс Киниан. Ол Чарлидың оқуға деген талпынысын көрді, бақылады. Мисс Киниан өте үлкен шешім қабылдады. Ол Чарлиді Профессор Немур мен Профессор Штраусқа ғылыми қызметтерінде эксперименттік үлгі болуға ұсынды. Олардың мақсаттары Чарлидің интеллектін арттыратын ғылыми тәжірибе жасау, ғылымға жаңалық енгізіу. Бұрын соңды адамға жасалынбаған бұл тәжірибе Чарлидің өмірі үшін қауіпті болды. Чарлиге дейін бұл тек Элджернон атты тышқанға сыналған еді, бақтарына орай тышқаннан олар күткен нәтиже алды. Бірақ Чарлидің өмірі не болмақ?

Кітаптың ерекшелігі кітап жеке күнделік, монолог стилінде Чарлидің өзінің атынан жазылған. Алғашқы беттеріндегі орфографиялық қателер оқырманның ойында біраз күмәндар тудырары сөзсіз бірақ ары қарай оқысаңыз бәрін түсінесіз. Тәжірибеден кейінгі алғашқы күндері Чарли айналасындағы барлық оқиғаны баяндап жазады. Сонда байқауымызға болады айналасындағы адамдардың Чарлиге қандай зияндарын тигізгенін. Аңқау Чарли оларды еш байқаған емес, тек достарының көңілі үшін бәрін жасады. Кітап өзінің форматымен бізге әр нәрсені саралап, түсініп оқуға мүмкіндік берді. Кітапты оқу барысында тәжірибенің іске асқанын байқаймыз. Себебі уақыт өте келе Чарли күнделікті еш қатесіз, үтір-нүктесіне дейін дұрыс жазуды бастайды. Оның айналасындағы көп нәрселерге көзі ашылды. Бар шындықты аңғарды. Сонымен, Профессор Немур мен Штраустың ойлары жүзеге асты, енді оны әлемге паш ету керек екенін түсінді. Бірақ Чарли олар ойлағандай ақымақ болмады. Ол өзіңін интелекттін қандай болсада жоғарылату керек екенін және оған еркіндіктің қажеттігін түсінді. Чарли өте көп оқитын болды, көп ойланды. Көп ұзамай лабораториядан да қашып кетті. Ол жалғыз қашпай тышқан Элджернонды да өзімен алып кетті.  Тәжірибеге дейін наубайханадағы достары оған қандай болды тәжірибеден кейінде олар сондай болды. Еш нәрсе өзгермейді. Чарли ақымақ болсада, интеллигентті болсада олар Чарлиге ешқашан дос болмаған. Кітаптың соңы қынжылтады. Чарли Профессор Немурдың үлкен қателегін тапты. Бұл дегеніміз Чарлидің интелектті, ойлау кеңістігі  ғылыми адамдардан да асып түсті. Ол бұл тәжірибенің нәтижесі мәңгілік емес екенін анықтады. Осы күнге дейін жан досы болған тышқанның өлімі осыған дәлел болды. Міне осылай ғылымның әлемдегі күші қандай, қарапайым өмірді өзгерте алады. Бірақ Жаратқанға, табиғат заңдарына қарсы шығу үлкен қателік. Не дегенмен салдары одан бетер жаман.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (38.1 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club