Р.Барттың «Авторың өлімі» еңбегі (баяндама)
Автор: Aslanarman • Февраль 12, 2022 • Эссе • 677 Слов (3 Страниц) • 347 Просмотры
Баяндама
Тәжібай Жанерке
БӨЖ
Тақырыбы: Р.Барттың «Авторың өлімі» еңбегі (баяндама)
ХХ ғ. тілдік зерттеулерге көңіл бөле бастаған формалистер В.Шкловский, Р. Якобсон, Б. Томашевский, Б. Эйхенбаум мәтін құрылымына назар аударып, оның құрамдас бөліктерін талдауға айрықша қызығушылық танытты. Бұлайша талдау прозалық баяндау мен поэзия сынды екі негізгі жанрдағы екі түрлі негізгі формаға мән берді .
Формалистер көркем тілдің теориясын, терминологиясын жасады. Олардың осы жетістігін ХХ ғ. 60–70 жылдары структурализм жалғастырды. Оқулықта структурализм, постструктурализм теориясына қатысты орыс және батыс ғалымдарының еңбектері мол. Структурализмнің әдістемелік ұстанымдары Ф. Соссюрдің құрылымдық лингвистикасы мен орыстың формалистік мектебіне негізделді. Авторлар әдеби тілдің қызметі мен міндетіне арнайы тарау арнаған. Әдебиеттің жаны мен болмыс-бітімі тіл арқылы көрініс табатыны анық. Демек, құрылымдық лингвистиканың негізін қалаған орыс лингвистеріне тоқталу оқулық мазмұнын аша түседі. Ф. Соссюрдің структурализмге қосқан екінші бір үлесі – тілдік таңба тұжырымы. Оның айтуынша, сөз дегеніміз – таңба, ал лингвистика, әділін айтқанда, таңбалардың, оның ішінде сөздердің қалай әсер ететінін зерделейтін семиология деген салаға тиесілі. Сөздер екі жағы не екі қыры бар таңбалар; дыбыстық компоненттен тұратын таңбалаушы және идеялық компонентке ие таңбаланушы.
1960 ж. структурализмнің мектеп ретінде қалыптасуына М. Фуко, Ж. Лакан, Ю. Кристева, Л. Альтюссер еңбектерінің ықпалы зор болды. М. Фуко әр кезеңдегі тілдің табиғаты мен рөліне, өзгермелі сипатына назар аударды. Уақыт өте келе адамдардың білім туралы түсінігі өзгеріп, көкжиегі кеңеюіне орай тілдің де қызметі ауысып отыратынын айтады. Сонымен қатар, әдебиет тарихында француз структурализміне арналған еңбек – Дж.Куллердің «Структуралистік поэтикасы». Аталмыш зерттеуде адамзат мәдениетінің жемісі тілдің қызметі мен құрылымы, ережелері мен ұстанымдары арасындағы структуралистік сипаттамаларға салыстырмалы талдау жасалады. «Әдебиет теориясы» антологиясының І томы – ұлттық әдебиет теориясында қалыптасқан кейбір түсініктерді бұзып, басқа қырынан қарастырады. «Постструктурализм» мен «Психоанализ және психология» деп аталатын екі көлемді бөлімнен тұрады . Адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны, бүгінгі оқырманның таным-талғамы, көркем шығарманы қабылдау мен түсіну және теориялық тұрғыдан зерделеу мәселелері кеңінен қамтылады. Сондай-ақ, телевизиялық сериалдарды талдаудың зерттеу Вестник Торайгыров университета..
Ал антологияның ІІ томындағы назар аударатын тұс – Р. Барттың «Автордың өлімі» және «шығармадан мәтінге» тақырыптарында қамтылған маңызды тұжырым-талдаулар [5]. Постструктурализмнің қайнар көздері, оның әдебиетте көрініс табуы, жеке ағым ретінде өрістеуі жан-жақты сараланған. Өзге ғылымдармен байланысын зерттей келіп, философиямен, әдебиетпен, тілмен, психологиямен арақатынасына тоқталған. Әрбір бөлімді әдеби шығарманы талдай отырып түсіндіріп, жазу мен сөйлеу, автор мен оқырман, автор мен шығарма, бейсаналық пен тіл тұрғысынан қарастырған. Мұнда «Билікке құштарлық» атауымен берілген Ф. Ницшенің «Дифферанс», «Қатерлі толықтама» еңбектері, З. Фрейдтің тұжырымдары – әдеби туынды табиғатын тану үшін де, теориялық талдаулар үшін де таптырмас құралдар. Ж. Руссодан бастап Нобель сыйлығының лауреаты Элис Манроға дейінгі бірқатар жазушылардың шығармаларына қатысты қызықты пікірлер айтылады. «Таңбалалардан бас тартатын уақыт келді» деген айқайын жеткізген постструктуралистер структуралистерге қарсы идеяларын ұсынды. Ф. Ницше бастаған жас философтар үшін мәдениеттегі тіл билігін айқындау негізі мәселе болды. М. Хайдеггердің «Болмыс және ештеңе» кітабы, М. Фуконың «Ессіздік және мақсатсыздық», Ж. Делездің «Ницше және философия» туындысы – постструктуралистік бағытты насихаттайтын еңбектер. Сонымен қатар Ж. Дерриданың 1967 жылы жарық көрген «Грамматология», «Жазу және айырмашылық» және «Дауыс және феномен» атты үш кітабы постструктурализмнің даму тарихындағы маңызды кезеңді көрсетті. Зерттеуші И. Ильин атап көрсеткендей, постструктурализм «өнер мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі өзгерістерге рефлексия еді». Сондай-ақ, оқулықта «лингвистика идеясының» француз психоанализ мектебі өкілдеріне әсері қозғалады. Француз өмірінде психоанализ туралы көзқарастар бұған дейін де бар болатын. Ж.Лакан постструктурализмнің дамуына ерекше үлес қосты. Ғалымның пікірінше, тіл психологияны қамтамасыз етті. Шығарма авторы қашанда маңызды сипатқа ие. Жазушы өмірбаяндары, баспасөз бетінде берген сұхбаттары, тыныс-тіршілігі, өз тұлғасы мен шығармашылығы зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Қалыптасқан ұғым бойынша ол әдебиетімізден бөле-жармай бірге қаралады. Бірақ автордың ықпалын жоққа шығарып, әдебиеттің мәнін сөзден іздегендер де болды. Автор бейнесін жойып, талдау жасау қазіргі заманда лингвистика арқылы жүзеге асады. Лингвистика тұрғысынан автор – «тұлғалық Мен» ретінде жазатын адам. Классикалық кезеңдегі критицизм әдебиеті оқырманмен айналыспады, олар тек әдебиет әлеміндегі шығармашыл адамның шығармашылығымен ғана шектелді. Осы қалыптасқан түсінікті бұзып-жарып, кітапта жазудың келешегін нығайту үшін оқырманның пайда болуын автордың кері шегінуімен байланыстырады. Бұған Р. Барттың «Автордың өлімі» шығармасы дәлел. 48 кезеңде мәтіннің құрылымына емес, енді оның мағынасына назар аударды. Ж.Дерриданың «мәтіннен тыс ештеңе жоқ» деген сөзі қоғамда пікір тудырып, мәтіннің маңыздылығын арттырды. Мәтінді түсіну, қабылдау, пайымдау сияқты теориялар қалыптасып, герменевтикалық бағыт қолға алынды. Герменевтика – автор мен оқырман арасындағы диалог, тек әдебиеттанудың ғана емес, гуманитарлық, қоғамдық ғылымдардың методологиялық негізін құрайды.
...