Отчет по практике в №62 мектеп–лицейінде
Автор: sammy • Апрель 22, 2018 • Отчет по практике • 3,101 Слов (13 Страниц) • 1,460 Просмотры
ЕСЕП
Мен, Әбекенова Гүлбану Нағашыбайқызы 29.01.18-06.04.18 жж. аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қызылорда облысы, Арал қаласы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп–лицейінде кәсіби іс-тәжірибеден өттім.
29.01.18 – Бұл күні мен Қызылорда облысы, Арал қаласы №62 мектеп лицейіне, яғни өзімнің іс-тәжірибеден өтетін орныма келдім. Мені осы мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағамбетов Жасұлан Нұрқожаұлы қарсы алып, жалпы мектеппен, мектептің тарихымен, құжаттарымен, заңдарымен, пән мұғалімдерімен, мектеп ұжымымен таныстырды. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұралиева Гүлнар Нариманқызымен маған бөлінген сыныптармен және жетекшілік ететін 5 «а» сыныбымен таныстырып бекітті.
Бұл іс-тәжірибедегі біздің мақсатымыз оқыту кезінде алынған теориялық білімді бекіту, практикалық дағды мен ептіні қалыптастырып, алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеру және тереңдету.
Сонымен қатар, мен бұл күні мектеппен, оның оқу жүйесімен, ішкі ережелерімен, мектептің мақсатымен, миссиясымен, міндеттерімен, мектеп ұжымымен таныстым.
Мектеп ұжымы:
Айтжанов Жасұлан Маханбетович – мектеп директоры.
Нұрмағамбетов Жасұлан Нұрқожаұлы – директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
Төребаева Кәмшат Нығметқызы – директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.
Нұралиева Гүлнар Нариманқызы – мекемеден бөлінген іс-тәжірибе жетекшісі.
Мектептің мекен-жайы: Қызылорда облысы, Арал қаласы, М.Жұмабаев к-сі №1.
Мектептің құрылған уақыты: 1986 жыл
Мектептегі оқушылар саны: 1100
Мектептегі сыныптар саны: 22
Мектептің миссиясы: жалпы орта білім берудің басты мақсатын табысты орындау, құзыреттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындау, дамып келе жатқан адамды уақыт талабына сай дайындау.
Мектептің мақсаты: жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерін ескере отыра, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру.
Әдістемелік бірлестік мақсаты: пед. ұжым мүшелерін тиімді педагогикалық технологиялар негізінде кәсіби шеберліктерін көтеруге жағдай жасау, білім сапасын жақсарту.
29.01.18 - Мектептің тәртіп-ереже ұстанымдарымен, білім беру бағытымен таныстым. Мектеп мемлекеттік стандартқа сай профильдік оқыту гуманитарлық және жаратылыстану бағыттарында білім береді.
Мектепте кітапхана, заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықталған лингофон кабинеттері, компьютермен жабдықталған сыныптар, санитарлық нормаларға сай келетін асхана жұмыс істеп тұр.
30.01.18 – Іс-тәжірибенің алғашқы күндерінде өзіме сынып жетекшілігі ретінде бөлінген сыныппен, сол сыныптың сынып жетекшісі Нұралиева Гүлнар Нариманқызымен таныстым. Нұралиева Гүлнар Нариманқызы ең бірінші сыныптың тізімімен таныстырды. Әр оқушының жеке қабілеті, әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Өзіме жетекшілікке бөлінген 5 «а» сыныбында жиырма тоғыз оқушы бар. Олар:
- Августинова Карина
- Аймышева Фарида
- Аманқосова Айжібек
- Ахметова Гүлдана
- Әбдісұлтанова Жансая
- Әбілбаев Жанарыс
- Әбілсейітов Ақарыс
- Әбілханова Әдемі
- Әкімжанқызы Назерке
- Бақтыбаева Балжан
- Болатбеков Алтынбек
- Ибрагимова Елира
- Карбозина Назерке
- Құрманғалиев Шынболат
- Манас Бисұлтан
- Махсұтов Нұрсұлтан
- Мәлікова Мерей
- Мұратбаева Динара
- Мұстажапова Гүлжауһар
- Нәсіпжанова Айнара
- Өміржанов Әлижан
- Саметова Ақмарал
- Тағыбергенов Темірлан
- Темірханов Құдайберген
- Теңізбаева Аружан
- Төлеуханова Диляра
- Убайдуллаева Жансая
- Шәкиев Жақсыбек
- Жайлыбаев Жасұлан
Бұл күні 5 «а» сыныбына қазақ әдебиеті пәнінен жетекшіммен ақылдаса келіп, ашық сабақ өткізуді ұсындым. Тақырып Б.Соқпақбаев «Мені атым Қожа» повесінен үзінді. Лагерьге жолдама. Оқушылар өте белсенді түрде қатысты.
...