Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен таңдаған мамандық-мамандықтың төресі

Автор:   •  Ноябрь 6, 2018  •  Эссе  •  384 Слов (2 Страниц)  •  2,658 Просмотры

Страница 1 из 2

Нысамбаева Самал  Елеусінқызы

Жансен Кереев атындағы ЖББОМ

Эссе

Мен таңдаған мамандық –мамандықтың төресі.

       Мектеп қабырғасында жүргенімізде «Кім болам?» деген тақырыптағы шығармаларды сот боламын,әкім боламын,бастық боламын деп арманымызға шек қоймайтынбыз.Бір-бірімізді сол мамандықтың иесі көріп  әзілдесіп те жататынбыз.Мектеп бітірген соң сол мамандықтар бізді ешқандай мәселесіз қарсы алатындай.Дегенмен мамандықтардың төресін иемдену үшін емтихандар мен сынақтардың төбесін бағындыру мені күтіп тұрды...

     Арман қуып  елдің балаларынан қалмай мен де студент атандым,кейін мәртебесі жоғары мұғалім деген ардақты атақты  да маңдайыма айдар қылып тақтым.Сол кезде төбем көкке екі елі жетпей тұрды. Мұғалім, ұстаз қандай салмақты да сан мағынасы бар атаулар..

        Мамандық-бұл әрбір адамның сүйіп жасайтын ісі  деп білемін. Әр  адам оны өзінің қабілетіне қарай таңдап, жауапкершілікпен қарауы тиіс.Сонымен қатар әрқайсысының ерекшеліктері болады.Халық үшін қызмет ететін мамандықтар –мамандықтың төресі. Себебі олар сыпайылықты, білімділікті,  адам бойындағы ең жоғары қасиеттерді талап ететін мамандықтар.Бұл мамандықтардың бастауы Ұстаз деген ұлағатты есімнен  басталады. Жүректің батырлығы мен сезімнің ақындығы ұстазда  болу керетігін  Ғафу Қайырбеков ағамыз да өз өлеңінде   жырлап өткен.

     Қиындығы да, қызығы да мол бұл мамандық  маған несімен ұнады?  Бұл мамандық мойнына жады ақ парақтай бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп,тәрбие тұқымын егіп, білімді адам етіп  шығару міндеті жүктелген.Ал ұрпақ тәрбиелеу-қашан да игі істер бастамасы. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт болуы керек»-деп М.Шаханов ағамыз айтқандай әр баланың жүрегіне кілт табу-мен  үшін  жауабы көп  жұмбақ.Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні — жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі деп санаймын. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім — ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған.Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (137.2 Kb)   docx (277.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club