Космогониялық әлем
Автор: magzhan2026 • Март 27, 2026 • Научная работа • 533 Слов (3 Страниц) • 16 Просмотры
Космогониялық әлем
Адамзат баласы өте ерте замандардан бастап өзін қоршаған ортаның құпияларын тануға ұмтылды. Әсіресе аспан әлемі, ондағы жұлдыздардың сырлы әрі жұмбақ әлемі, яғни космогониялық құбылыстар ерекше қызықтырды. Осы қызығушылық қазір ғылым дамып, техника әлдеқайда өркендеп тұрған заманда өрши түспесе, кеми қойған жоқ. Себебі болмыста ғаламат екі дүние бар: біріншісі – жұлдызды аспан, екіншісі – неміс философы И.Кант айтқандай, әрбір адамның ішкі дүниесі. Бұл дегеніміз – сырлы аспаның құпиясы ешқашан таусылмақ емес. Тіпті ғылым дамыған сайын жұлдызды аспанның да жаңа тылсым дүниелері ашылып келеді.
Космогония (грек. kosmos – ғарыш және gonea – туу, шығару, ұрпақ), ғарыштану – астрономияның ғарыштық денелер мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін саласы.
Қазақ халқындағы аспан шырақтарының атаулары мен олар жөніндегі ұғым-түсініктерді Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, Ә.Диваев және т.б. еңбектерінен кездестіруімізге болады. Ал Алаш қайраткерлері ішінен Х.Досмұхамедов «Қазақ халық әдебиетінің» классификациясын, қазақ сөз өнерінің 44 жанрын анықтап, соның он біріншісін – Космогониялық әңгімелер (аспан шырақтары, күн күркіреу, найзағай, аққан жұлдыз, Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, кемпірқосақ, т.б.) деп бөліп көрсетеді.
Академик Ә.Марғұлан ерте заманда қазақ пен монғол халықтарына ортақ символ сөздердің мағынасын келтіреді: 1. Күн – махаббат, әділет, ғашықтықтың белгісі. Күнім деу махаббаттың, сәби тазалықтың күші түрі саналған. 2. Ай – сұлулық, сана шарасы болған. 3. Жұлдыз – мереке, ойын-сауық, жастық белгісі болған.
Көне замандарда космогониялық құбылыстың әрбір түріне байланысты наным-сенімдер болған. Соның бірі – Жұлдыз. Көп халықтар, соның ішінде түркі халықтарды жұлдыздарды ерекше қадірлеп, оларды адамдар, жан-жануарлар т.б. ретінде қабылдап, ат берген.
Ал ерте дәуірлерде жұлдыздар жер бетіндегі тіршілік атаулыға әсер етеді деп оларға табынған. Мұны қазақтың жұлдызбен қатысты наным-сенімдерінен көруімізге болады. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов: «Тағдыр сүйген адамды қазақтар «жұлдызы жоғары
...