Корпус лингвистикасы
Автор: sagymbekovaar • Май 1, 2022 • Реферат • 2,655 Слов (11 Страниц) • 269 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3-4
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.................................................................................................5-6
1 КОРПУСТЫҚ ЛИНГВИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ..........................7-9
2 КОРПУС ЛИНГВИСТИКАСЫ – ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ...........10-12
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................14
КІРІСПЕ
XXI ғасыр – жаҺандану дәуірі. Цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өмірімізден бастап ғылымның барлық саласына өзгеріс алып келді. Ғылым ілгерілеу кезеңіне қадам басып, тіпті жаңа салалардың тууына ықпал етпей қоймады. Соның лингвистикадағы жарқын мысалы – корпусқа негізделген талдау, яғни корпустық лингвистика. Корпус деген – тілдердегі электрондық форматқа салынған, автоматты түрде орталықтандырылған басқарудан жұмыс істейтін, лингвистикалық ақпараттарды қамтитын көлемді мәтіндер жинағы [1,38]. Әлемдегі корпусты қолданудың, құрудың алғашқы жұрнақтары 1944 жылдан (Торндайк-Лорге тізімі) бастау алғанымен, «Корпустық лингвистиканың» ғылым саласы ретінде қазақ тіл біліміне енгеніне көп болмады. Сондықтан да осы жазба жұмысының мақсаты – корпус лингвистикасына берілген анықтамаларды саралау, корпус жасауға қойылатын талаптарды көрсету және әдебиеттерге шолу жасай отырып, оның зерттеу жүргізудегі орасан зор мүмкіндіктерін барлық сала иелерінің, көпшіліктің өз жұмыстарында қолдануларына ықпал ету. Бұл сала тіл біліміне қарқынды енгенімен, қазақ тіл білімінде кешеуілдеп келеді. Сондықтан корпустар саны ғана емес, оның пайдалылығын танытатын еңбектер де санаулы, тіпті жоқтың қасы. Жазба жұмысының маңыздылығы – шет тілдеріндегі лингвистикалық корпусқа қатысты теориялық, практикалық деректерді тәржімалау арқылы, тілші-студенттерге ақпарат беру, олардың осы салаға деген қызығушылын арттыру. Ал міндеттері:
- корпус теориясына негізделген еңбектермен танысу, оған берілген анықтамаларға талдау жасау;
- корпусты құрудағы талаптарды санамалап беру;
- қазақ тіл біліміндегі корпус құру мәселеріне тоқталу.
Қазақ тіл білімінде корпустық лингвистикaның бастағы теориялық негізі, бaстау ұғымдaры туралы ұлттық әдеби мәтіндер корпусының міндеттері, мaқсаттары мен оларға қойылатын талаптар және т.б. жағдайлар ғылыми тұрғвда талқыға түсуде. Аталмыш ғылым саласымен енді танысып жатсам да, оның көкжиегінің кеңдігі зерттеу жұмыстарының мүмкіндігін арттыра түсетініне көзім анық жетті. Ұлы жазушылардың шығармаларының тілінен бастап, әлеуметтік желілердегі жасөспірімдердің жазбалар (пост) тіліне дейінгі деректерді мыңдаған сөзден тұратын корпус материалдары негізінде зерттеуге мүмкіндік бар. Ертеде бұндай көлемдегі жұмысты атқару жылдарды қажет еткен болса, қазір корпустық лингвистикада қолданылатын компьютерлік бағдарламалардың көмегімен көлемді нәтижелерге бірнеше минутта-ақ қол жеткізуге болады.
Корпусқа, лингвистикалық корпусқа деген қызығушылық компьютерлердің дамуымен тығыз байланысты. Компьютерлік технологияның көпқырлылығы мәтін лингвистикасы, мәтіндік талдау мәселелерінің дамуына үлкен мүмкіндік туғызады. Жұмыстың объектісі – корпус лингвистикасына анықтама берген, оны құру маңыздылығы жайында жазылған мақалалар, еңбектер. Ал пәні – корпусты зерттеудегі теориялық анықтамалардың алуан түрлілігі.
Бір сөзбен айтқанда, корпустар өте ірі көлемдегі деректерді өңдей алу, статистикалық нақты деректерді бере алу, тілдегі көркем шығармалар түріндегі жәдігерлерді, түрлі кезеңдегі, топтағы, стильдегі деректерді электронды түрде біріктіріп, ортақ құрылу принциптерін жасап, жинақтай алу мүмкіндігінің арқасында замануи лингвистикада өз орнын нықтап алып, кез келген тілдік зерттеулердің негізгі құралына айналуда. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, әдебиетке шолудан, негізгі бөлімдегі 2 тараудан («Ғалымдар зерттеулеріндегі корпус мәселесі», «Корпус - қолданбалы ғылым саласы»), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...