Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері

Автор:   •  Апрель 8, 2020  •  Реферат  •  5,385 Слов (22 Страниц)  •  1,596 Просмотры

Страница 1 из 22

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері

Орындаған: КО-32 тобының студенті

Әбдібекова И.Ә

Тексерген: ф.ғ.к., доцент Жуынтаева З.Н

Қарағанды – 2019

Жоспар

І. Кіріспе

  1. Жай сөйлемнің зерттелуі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жалаң және жайылма сөйлемдер
  2. Толымды және толымсыз сөйлемдер
  3. Атаулы сөйлем
  4. Екі негізді және бір негізді сөйлемдер
  5. Жақты және жақсыз сөйлемдер
  6. Болымды және болымсыз сөйлемдер

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өзектілігі: Қазақ тіл  біліміндегі синтаксис саласының ең елеулі нысанының бірі – жай сөйлем. Яғни, бұл жұмыстың негізі өзегі – жай сөйлем мен оның құрылымдық түрлерін топтастыру. Жай сөйлемді және оның құрылымдық түрлерін саралай отырып ажырата білуді үйрету, оларды мысалдармен қатар қарастыра отырып олардың қазақ тіл білімінде алатын орнын зерделеу. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін әр зарттеушінің жіктеуімен көрсетіп, кеңінен қамту.

Мақсаты: Жай сөйлемнің құрылымын кеңінен қамтып, олардың түрлерін ажыратып топтастыру. Жай сөйлем мен оның құрылымдық түрлеріне қатысты зерттеушілердің әртүрлі пікірлерін жинақтап көрсете отырып, және оларды мысалдармен беру арқылы бір-бірінен ажыратып көрсету.

        Міндеті:

  • Жай сөйлем мен оның құрылымдық түрлерінің зерттелу тарихына шолу жасау.
  • Қазақ тіл білімінің зерттеушілерінің жай сөйлемнің құрылымдық түрлеріне қатысты ой-пікірлерін қамтып, саралап көрсету.
  • Жай сөйлемнің құрылымдық түрлеріне жеке-жеке мысал келтіріп, оларды бір-бірінен құрылысы жағынан саралап, түрлерін бөліп көрсету.

         І. 1.Жай сөйлемнің зерттелуі

Синтаксистің басты зерттеу объектілерінің бірі – сөйлем. Сөйлем – коммуникативтік функция. Адам өз ойын, көңіл-күйін басқаларға сөйлем арқылы білдіре алады және басқалардың да ойын, көңіл-күйін сөйлем арқылы біле алады. Яғни біздің сөйлемді коммуникативтік функция дейтін себебіміз, әрбір қарым-қатынас сөйлем арқылы іске асады, сөйлемнен басқа тілдік элементтердің ешқайсысы да бұл қызметті атқара алмайды. Сондықтан да сөйлем синтаксистің ең басты объектілерінің бірі болып саналады.

 Сөйлем туралы әрбір ғалымның өзіндік пікірлері, анықтамалары бар. Мысалы, А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз- сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін сөздер тұрған күйінде алса да, қиындаса қалады. Қыры келмейтін сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз. ...ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. ...Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар»,- деп анықтама берсе,  Қ.Жұбанов: «Сөзбен берілген ой аяқталған түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкін. Ойды бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де түгел білдіруге болады. Аяқталған ойды білдіретін бір не бірнеше сөзді сөйлем дейміз», - деп сипаттайды. Сөйлемге берілген анықтамалар мұнымен шектелмейді. Сөйлемге өзінше баға берген С.Аманжолов сөйлемге «Сөйлем дегеніміз -  сөз таптарының, тұлғалардың, яғни сөйлем мүшелерінің қарым-қатынасын көрсететін, сөйтіп барып, тиянақты ойды білдіретін категория», - деген анықтама береді. Сондай-ақ, М.Балақаевтың да сөзін атамай кетуге болмайды: «Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз», - деген жалпы анықтама береді.  Сондай-ақ, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай және құрылымына қарай түрлерін ажыратуға байланысты да әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Әр ғалымның сөйлемнің құрылымдық түрлеріне қатысты өзінше саралап, бөлуіне байланысты түрлеріне байланысты бірізділік қалыптаспаған.

...

Скачать:   txt (71.8 Kb)   pdf (249.6 Kb)   docx (32.5 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club