Қарақұмдағы сьезд
Автор: Акзат Дуйсенбек • Апрель 12, 2023 • Реферат • 971 Слов (4 Страниц) • 349 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті.
Бөж
Тақырыбы: Қарақұмдағы сьезд.
Орындаған: Уалихан Болат.
Тобы:1602-11 Тарих-Дінтану
Қабылдаған: Айтай Баһадүр.
Жоспары.
1) Кіріспе.
2) Қарақұм сьезіне кімдер қатысты.
3) Сьездегі негізгі мәселе
4) Бөгенбайдың ортаға шығып халықтың рухын көтерген сәті.
5) Тарихшы ғалымдардың Қарақұм сьездіне көзқарасы.
6) Қорытынды.
1)1710-1711 жылдары жоңғар әскерлерінің ірі күштері Қазақстан шегіне басып кірді. Оның қаншалықты елеулі екенін 1710 жылдың күзінде қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы шақырылғанынан байкауға бо- лады.16 Бұл жолы ол Қарақұмда, Қаракесек руы көшіп жүретін жерде өтті. Қарақұмның орналасқан жерін Сарыарқа аумағына жатқызу керек. Карақұм шағылдары Солтүстік және Солтүстік-шығыс Арал өңірінде үлкен аймакты алып жатыр. Олар Ұлытау сілемдерінің өзіне дейін созылады. Карақұмның съезд өткен шағылдары арасында, шығыс шетінде шұрайлы алкаптар, бұлак- тар көп. Ұлытаудың шеткі сілемдері соған дейін жетеді. Қазақ халқы сұлтандарының, билері мен рубасыларының съезі де Қарақұмның осы бөлігінде өтті.
2) Съезге әлімұлы, байұлы және жетіру бірлестіктері билеушілері көпшілігінің өкілдері қатысты. Орта ордадан найман және қыпшақ руларының түрлі өкілдері болды. Съезге барлық үш жүздін өкілдері, билер мен батырлар катысты.
Ең ықпалды түлға Тәуке хан болды. Оның елдің тыныс-тіршілігін жетік білуімен қоса, өмір тәжірибесі аса мол болатын. Ол әр түрлі казақ руларымен тығыз байланыс жасап тұратын, дағдылы күкыкты жаксы білетін, батырлармен карым-қатынасы жақсы еді. Акыр аяғында, Тәуке хан казак-жонғар өзара катынастарының ғана емес, сонымен катар жонғарларға карсы соғыс кимыл- дарының тарихының да барлық күрделі жактарын баскалардың бәрінен жаксы білді. Ол шайкастарды көзімен көріп кана койған жок, онын калын ортасында жүрді. Қазақ жасақтары мен көптеген руларды жалпы баскарудын ауырлай түскенін ескере отырып, Тәуке хан казак жасактары мен казак руларын баскаруды құрылымдық кайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Сонымен бірге ол сұлтандар билігін шектеуге, үш жүзді жауапты билер арқылы баскару жолымен орталықтандыруды нығайтуға ұмтылды. Бұл шаралар бүкіл казак жасақтарын құру, қазақтардың қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес келді.
Съезд шешіміне Қайып және Әбілқайыр сұлтандар өз ықпалын жасады. Канжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батырлардың пікірлері жалпы жұрттың назарын аударды. Олар түрлі рулардын ғана емес, түрлі жүздердің де жасақтарын біріктіруді жақтады. Ал бұрын әр түрлі рулардын әр түрлі жерлерді: біреулерінің - Іле және Шу, екіншілерінің - Талас және Бадам өзендерінің анғарларын, үшіншілерінің Сарысу өзені мен Ұлытау ал- каптарын корғауға тура келген еді.
3) Съездегі негізгі мәселе Жоңғар хандығына бірігіп тойтарыс беру болды. Түрлі өкілдердің көзкарастары бірдей болған жоқ. Адамдардың бір бөлігі катаң кажеттілікке сай жоңғарларға бодан болуды жөн көрді.
Бұған дейінгі оқиғалар жоңғарларды женудің оңай еместігін көрсетті. Съезге катысушылардың пікірлері бір жерден шықпады. Рубасыларының бір бөлігі анысын андау көзкарасын ұстанды. Революцияға дейінгі зерттеуші Я. Га- вердовскийдін айтуына карағанда, көбі үрейге берілген: «өздерінін тұрғылықты жерін тастап кетіп, қашып құтылғысы келді… ал кейбіреулері қоян сияқты, жан-жакка бытырап кетуді калады, тіпті көптеген адамдардың бұрынғы тұрақтылығына сызат түсірді». Алайда съезге қатысушылардың бір бөлігі аңысын андып көпшілікке косылу үшін даудың қалай бітетінін күтті. Осындай ауыр жағдайдың өзінде де жонғарлардың басып кіруіне қарсы батыл күресті жак- таушылар болды. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, дау кезінде олар жанқиярлық күрес жүргізу кажет екенін дәлелдеді. Дауға өз пікірін айтқысы келмеген көптеген съезд катысушылары тартылды. Шығыстық үлкенді сыйлауға карамастан, пікірлер ашық айтылып, дауға, өз пікірін дәлелдеуге еркіндік берілді.
...