Рәміз-мәдениеттегі
Автор: maralnurbolat • Октябрь 25, 2020 • Эссе • 756 Слов (4 Страниц) • 1,369 Просмотры
Рәміз-мәдениеттегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Рәміз- әлемді бейнелі түрде дамыту тәсілі ретінде, көркем аллегориялық образ ретінде мәдениетте кеңінен қолданылады. Рәміздік бейнелердің мағынасын тікелей шешуге болмайды, оның мағынасын түсіну керек.Көптеген рәміздердің пайда болуы мыңжылдықтардың тереңдігінде, архаикалық мәдениеттер мен ежелгі өркениеттердің түкпірінде жатыр.
Рәміздерді әлем туралы және ондағы адамның болмысы туралы ойлауды білдіретін тіл ретінде қарастыруға болады.Белгілі орыс мәдениеттанушысы Ю. М. Лотманның айтуынша рәміз жасанды тілдің көрінісі емес,мысалы, химиялық немесе математикалық таңбалар сияқты емес, рәміздер терең қасиетті мағынаның көрінісі деген.Рәміздердің үлкен мәдени және семантикалық мағынасы бар
Рәміздер әлемдік мәдениеттер мен діндерде, мифологияда, кескіндемеде, әдебиетте қолданылады.
Рәміздерге елтаңбалар, эмблемалар, баннерлер, суреттер жатады.
Э.Сепир рәміздердің екі түрін ажыратады:
1.Конденсациялық
"Олар белгілегеннен гөрі көп нәрсені білдіреді»
Ғалымның пікірінше, мұндай белгілер діни және саяси эмоционалды қатынастарда көп кездеседі.
2.Референциальды
Мұндай рәміздер эмоционалды бейтараптықпен және логикалық негізділікпен сипатталады.Ғалым бұл жалпыға бірдей қабылданған рәміздердің
екінші түрі деп тұжырымдайды.
Рәміздерді тағы былай бөлуге болады:
1.Патриотизмді білдіретін рәміздер
Мысалы, әр қазақ баласы бүркіттің бейнесін көргенде оның еркіндік пен бостандықты білдіретінін бірден түсінеді.Мысалы, еліміздің туында да бүркіттің бейнесі бейнеленген.
2.Діни рәміздер
Мысалы, Ислам дінінің негізгі рәмізі - жарты ай болып есептеледі.
2. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері.
Сақтардың негізгі рәміздері аңдық стильде болған.Мысалы, жауынгер-сақтардың рәмізі ретінде жолбарыс бейнелеген.Ол күш пен қуатты, батырлықты көрсеткен.
Барыс-көп мағыналы және мазмұнды рәміз . Сақтардың мифологиялық идеяларында ол әділеттіліктің, адалдықтың қорғаушысы болып есептелді.
Сақтар үшін күнде құдіретті болып есептелген.Ал осы күнді сақтар үшін Қанатты пырақ білдірген.Жалпы қанатты пырақ- жарықтың , өмірдің, сұлулықтың, тазалық пен пәктіктің рәмізі болып есептелеген.
Аю-тыныштық пен табандылықтың рәмізі. Сақтар аюды ешқашан қауіпті жануар деп есептемеген. Аю өз тамағын тауып жеу үшін асқан табандылық танытады.Ол ешқашан кері шегінбейді.Ал сақтар өздерінің бойында осындай қасиеттер болуы өте пайдалы деп санаған. Аю көбінесе қолөнершілердің
рәмізі ретінде қолданылған.
Көріп отырғанымыздай әр рәміздің өзіндік мән- мағынасы бар.
3.Миф рәміздері.
Мифология барлық мәдениеттерді қамтиды.
Әр түрлі мәдениеттерде адамдарға табиғаттың құпияларын, барлық жаратылыстың себебін, табиғатпен қарым-қатынасын және моральдық мінез-құлық негіздерін түсінуге көмектесетін арнайы мифтер бар. Бұл мифтер осы әртүрлі ұғымдарды түсіндіретін бірқатаррәміздерді тудырды.
Мысал ретінде грек мифологиясынан рәміздер келтірсем:
1.Лабиринт. Грек мифологиясында Лабиринт - Минос патша үшін аты аңызға айналған шебер Дедал салған күрделі құрылым. Оның функциясы Минотаврды ұстап тұру болды, ол жартылай адам және жартылай бұқа ретінде бейнелген тіршілік иесі. Дедал лабиринтті соншалықты қиын етіп жасады, тіпті
...